Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Су басқан үйлер саны азая бастады

19 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
Су басқан үйлер саны азая бастады
WhatsAppTelegramFacebook

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елдегі тасқын ахуалын баяндады.

«Тасқынға қарсы жүргізілген іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды. Тасқын басталғаннан бері 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 мал қауіпсіз жерге айдалды. Қазіргі таңда 8 821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуация пунктерін паналап жүр. 4 370 үй мен 2 737 ауладан су бұрылды. 10,5 млн астам текше метр қар суы сорып шығарылды, 3,4 млн құмқап және 1,4 млн тоннадан астам инертті материал төселді», — деді ресми өкіл.

Еске салсақ, министрліктің 18 сәуір, сағат 16.00-дегі ақпараты бойынша, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жер үй, мен 1 130 аула су ортасында тұрғанын мәлім еткен.

Министрлік өкілінің сөзінше, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй мен 1 091 аула әлі су ортасында тұр.

«Апаттар медицинасы орталығының психологтары тұрғындарға тасқынмен байланысты шұғыл психологиялық көмек көрсетіп, ақпараттық қолдау жасау үшін тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Жедел желі телефонына 1 971 қоңырау түсті», — дейді Динара Нұрғалиева.

Қазіргі таңда тасқынмен күреске еріктілерден бөлек 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 
12 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының 38 елді мекенінде табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше режимі жағдай сақталып отыр. Азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Үй мен эвакуация пунктерінен тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер», — деді ТЖМ ресми өкілі.

Фото: Константина Шелкова

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.