Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТАПШЫЛЫҒЫ СЕЗІЛЕДІ

3 сәуір 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТАПШЫЛЫҒЫ СЕЗІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирустың ошағына айналған Алматы қаласымен іргелес талғарлық тұрғындардың да түн ұйқысы тыныш емес. Жер-жаһанды жайлаған жаман індеттен қорғанудың бірден-бір жолы – медициналық бетперде тағу екендігіне ерекше көңіл аударған ауыл тұрғындары осы күні дәріханалардан бетперде таба алмай тығырыққа тіреліп отырғандықтарына налиды.

Ел-жұртқа үрей үйірген індеттен ұлт болып ұйысып, өз-өзімізді, жақындарымызды, жалпы жұртты сақтау жолында аудандағы №49 орта мектептің мұғалімдері бетперде тігу мәселесін мықтап қолға алғанын жазған болатынбыз.

Бұл игі бастаманы өзге де мектеп мұғалімдері мен ата-аналар, зейнет жасындағы ақ жаулықты аналарға дейін жалғастырып, күніге жүздеген бетперде тігіп, тұрғындарға тегін үлестіре бастаған. Алайда халық саны 200 мыңнан асатын талғарлықтарға бұл, әрине, аздық етеді. Жаман індетті жұқтырғандар санының күннен күнге артуы тұрғындардың әрбірін алаңдатып, әбігерге салуда десек еш артық айтқандық емес.

— Аудан бойынша бетперденің тапшылығы сезілуде. Осы тығырықтан шығу үшін Талғар қаласындағы «Глазман», «Зета», «Клотвел», «Текстимаркет» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларының басын қосқан аудан әкімі Жолан Омаров оларға бетперде тігуді ұйымдастыруды тапсырды. Осы өндіріс орындарынан тігілетін бетперде жуық арада түгелдей аудандағы дәріханаларға таратылып, бетперде тапшылығын жоюға жұмсалатын болады, – дейді бізбен байланысқа шыққан Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанкелді Өмірәлиев.

Аты жаман індетті жұдырықтай жұмылғанда ғана жеңеміз. Әзірге, жалпыға ортақ міндет – еш себепсіз, бей-берекет жүруді шектеп, санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтауға баса назар аударған жөн.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.