Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдыдағы сәнді саябақ

8 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Талдыдағы сәнді саябақ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылы Талды ауылында «Таусамалы» саябағы ашылған. Елді мекеннің дәл ортасынан орын тепкен ол ерекше әдемі.

Қазір балалар ойнайтын, үлкендер демалатын орынға айналған бұл жер Талды ауылы тұрғындарының үлкен мақтанышы. Саябақтың кіреберісіне темір- бетоннан құйылған биік бағана орнатылып, қазақы ою-өрнекпен көмкерілген қаріптермен «Таусамалы саябағы» деген сөз жазылған. Кешкі уақытта бұл өрнектер электр жарығымен жарқырап, ауылды ажарландырады. Жерге тас плиталар төселіп, орындықтар қойылған. Жол жиектеріне жағалай шамдар орнатылған. Сондай-ақ, субұрқақ, балалар ойнайтын алаңдар мен спорттық орындар, көңілді кештер ұйымдастырылатын сахна жасалған.

– Тау баурайындағы Өсек өзені жағалауына орналасқан бұл ауыл бұрын Лесновка деп аталған. Батыс жағы өзен жағасындағы қалың тоғай, шығысы биік жотамен қымталған ойпаттағы табиғаты тамаша бұл елді мекен сонау ХIХ ғасырдағы орыстардың қоныстануынан бастау алады, – дейді Талды ауылдық округінің әкімі Қуандық Әшіржанов. 

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін маңайындағы Бұрхан, Қызылеспе, Нағарашы ауылдары тұрғындарының басын қосқан Талды ауылдық кеңесі мен Жамбыл атындағы ұжымдық шаруашылықтың орталығы болды. Өткен ғасырдың екінші жартысында атақты «Қазанның 40 жылдығы» ұжымшарына қосылған соң ел тұрмысы түзеліп, ауыл ажары ашылды. Қазір жазиралы Жаркент өңіріндегі 5 мыңнан аса адам тұратын гүлденген елді мекендердің бірі. Заман талабына сай салынған амбулатория, мектеп, 2 балабақша, Мәдениет үйі мен сауда орындары ауыл тұрғындарының бақуатты өмір сүруіне қызмет етеді. 

Жақында мұнда табиғи газ желісі тартылмақ. Аз қамтылған отбасылар мен жас мамандар үшін 16 тұрғын үй мен ауыл балаларына 300 орынды жаңа мектеп салынуда. Алдағы жаңа оқу жылында балаларымыз жаңа білім ошағында оқиды. Болашақта талантты балаларды тәрбиелеу үшін өнер мектебін ашу ойластырылып отыр. Өңірде туу көрсеткіші ілгері. Бұл ауылдастардың дамуын, қарқынды өсімін аңғартады. Азаматтар күшімен жасалған сәнді саябақ ауыл тұрғындарының өркениет өрісіндегі талғам таразысын танытады.

Ауыл әкімінің айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа жасалған саябаққа 230 саялы буданды арша, ондаған түп қарағай мен шырша көшеттері отырғызылыпты. Өзен жағасындағы ауыл саябағында ағаш көшеттері мен гүлзарларға ылғал беріп тұратын автоматты қондырғылар орнатылған. Саябақты күтіп-баптау мен ондағы электр жарығы үшін ақы төлеуді ауыл азаматтары өз міндетіне алған. Талды ауылы тұрғындарының талғаммен жасалған саябағы өзгеге үлгі. Мұндағы рухани игілікті өз қолдарымен жасаған үлкендердің қам-қарекетіне кішілердің құрметпен қарап, қадірлеуі ұрпақ тәрбиесіне жасалған қайырлы қадамы болмақ.

Мырзағали Нұрсейіт

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.