ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорған қаласының негізгі көшелерімен автокөлік шеруі өтті. Мемлекеттік Ту ілінген көліктер қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, көшеге әр кіргізді.
«Менің Туым» акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Көлік иелері акцияның өтетінін естіп, өз еріктерімен қатысуға ұсыныс жасаған. Еріктілер жылына қосқан үлесіміз деп білген олар Отанға деген сүйіспеншілікті осылай күшейтуге болатынын айтты. Акцияның маңыздылығын сөз еткен Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев:
— Өздеріңге мәлім, казір карантинге байланысты ауқымды шара өтпеді. Дегенмен де, санитарлық талаптарды сақтап, халықтың патриоттық сезімін нығайтып, Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын тереңдету үшін осы шараны ұйымдастырдық, — деп акцияға атсалысқан еріктілерге алғысын жеткізді.
Мәулен ӘНЕРБАЙ
Алматы облысы





