Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды

12 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорған маңайындағы ауылдарға жедел жәрдем бара алмайды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған іргесіндегі “Ынтымақ” ауылындағы Зере көшесін, 121, 123 үйлер маңайын батпақ басқан. Соның салдарынан жедел-жәрдем көлігі батпаққа батқан, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Жыл сайын көктемнің келісімен, Талдықорған маңайындағы ауылдарды, жолы салынбаған елді-мекендерді батпақ басып, адам жүргісіз үлкен лайға айналады. Ынтымақ ауылының жолы тек жергілікті емес, өңірлік деңгейде қаралуы тиіс күрделі мәселе халықтың күнделікті өмірін қиындатып отыр. Жол жөндеу мәселесі шешілмесе, ауылдағы әлеуметтік жағдай да нашарлай береді. Медициналық жедел көмекке жүгінген күннің өзінде, діттеген мекенжайға жету қиындық туғызады.

Көктем келсе, көшелерде жеңіл көлік тұрмақ, жедел жәрдем де діттеген жеріне жете алмай әлек болады. Құмға батқандай тұрып қалған көліктердің дөңгелегі бос айналып, жүргізушілер әуреге түседі. Ал жаяу жүргіншілер әр қадамын аңдап баспаса, белшесінен балшыққа батып кетеді. Балалар мектепке жеткенше аяқ киімдері суға малынып, үлкендер жұмысқа лайланып барады. Көмекке асыққан жедел жәрдем де лайға малтығып, шақыртуға кешігіп жатады. Біз жыл сайын осы қиындыққа тап боламыз, бірақ жағдай еш өзгерер емес, — дейді қала тұрғыны Жанар Амантай.

Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта инженерлік кәріз жүйелерін төсеу жұмыстары аяқталған соң, жол құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жоспарланған. 

Егер биыл бюджеттен қаражат бөлінсе, құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтеді. Кейіннен құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаражат сұралып, жол жөндеу жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілуі мүмкін.

Фото: Ақмарал Қайрат

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.