Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 2 мыңнан астам адамға баспана берілмек

28 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда 2 мыңнан астам адамға баспана берілмек
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы әкімдігінің берген мәліметінше, өткен жылы шаһарда 149,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Онда әр санат бойынша кезекте тұрған 1747 тұрғын қоныс тойын тойласа, биыл тағы 2 мыңнан астам адамға жаңа баспана кілтін табыстау жоспарда. Осыған сай, бүгінде Жетісу облысының орталығында тұрғын үй салу жұмыстары қарқынды.

Баспана кезегін күткен тұрғындардың сөзінше, осыдан біраз жыл бұрын қаншама көп қабатты тұрғын үйлер салынып, жаңа  шағын аудандар бой көтерсе де  олардың үй алу кезегі еш жылжымаған. Қайта былтырдан бері кезектің біраз жылжуы анық байқалған. Дейтұрғанмен  кейбір азаматтардың кезекте тұрғанына 15 жылдан асқан.

  Жасырары жоқ  2015-2021 жылдар ішінде Талдықорғанда 1300-ге жуық пәтер мен үй заңсыз беріліп, 1700-ден  астам адам баспана алу кезегінен еш себепсіз шығарылған. Осыған байланысты соңғы жылдары аймақ атқамінерлері кезекте тұрған азаматтардың реттік санын анықтап, заңсыз берілген үйлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын қолға алған. Қазіргі уақытта тұрғын үй мәселелері бойынша заңды жұмыстар жалғасуда.

– «Қазір жалпы Жетісу облысының орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған адам саны 15 мыңнан асады. Өткен жылы олардың 1700-ден астамына үй берілсе, биыл тағы 2084 тұрғын баспаналы болады деп күтілуде. Қолданысқа беріліп жатқан үйлердің біразы жергілікті бюджет есебінен, тағы біразы жеке кәсіпкерлер мен меценаттар өз қаражаттарына тұрғызған. Сонымен бірге бүгінде бюджет қаражаты есебінен 693 пәтерге арналған 21 үйдің, жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен, яғни «Жетысужилстрой» ЖШС 350 пәтерлі 5 үйдің құрылысы жүргізілуде», — дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков.

Рүстем Сағындықұлының айтуынша, қазір Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары көптеп қолға алынуда. Оған шаһардағы жаңадан бой көтеріп жатқан ықшам аудандар мен ел игілігіне беріліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлер дәлел. Мәселен, өткен 2023 жылы, халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 63 тұрғын үй сатып алынған. Сондай-ақ, «Жетісу жастары» бағдарламасы аясында 31 жанұя жаңа пәтерге қол жеткізсе, ал апатты деп танылған баспана иелеріне 32 пәтер берілген. Ендігі апатты жағдайда тұрған тұрғын үй мәселесі биылғы жылдың соңына дейін оңтайлы шешілмек. Сонымен қатар, осыған дейін кезекте тұрған 36 көпбалалы отбасыға «Береке» коттедж қалашығынан баспана кілті табысталса, бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғасын таппақ.

                                                                          

                                                                             Айдын КӘЛІМХАН.

 фото: espanarusa.com: UGC 

 

 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.