Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда «Амал мерекесі» ардагерлерді құттықтаумен басталды

14 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда "Амал мерекесі" ардагерлерді құттықтаумен басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талдықорғандағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Көрісу күні — Амал мерекесі аталып өтілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Ең алдымен қарттардың құшақ ашып, төс түйістіріп, бір-бірімен көрісуі мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Аталған шаңыраққа арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев орталыққа келуші ардагерлерді Амал мерекесімен құттықтады

– Ардақты ақсақалдар, аяулы апа-әжелер! Қашанда қоғамның тегершігі саналған, тәрбие мен тәлімнің, өнегелі өмірдің қайнары саналған қазыналы қарты бар үйдің құты мен берекесі мол болмақ. Ендеше сіздерді осынау келіп жеткен қазақтың Көрісу күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Белсенді өмір сүру орталығындағы уақыттарыңыз қызықты өтсін, ұрпақ қызығын көріңіздер. Ұзақ жасаңыздар. Сіздер біздің арқасүйер тірегіміз, ақылшымыз, төріміздің киесісіздер, – деді Марлен Көлбаев өзінің құттықтау сөзінде.

Жиналған көпшілік үшін әжелердің би тобы «Қамажай» биін нақышына келтіре орындаса, Роза Төлегенқызы «Көрісу күні» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. Мереке күні ән-күймен қатар тілектер де толастаған жоқ. Сөз алған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт, Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, «Respublica» партиясы Жетісу облыстық филиалының жетекшісі Ришат Асқарбекұлы мерекенің мән-маңызына тоқталып, ізгі тілектерін жеткізді.

Сол сияқты осы күні орталықтағы қарттарға сый-сияпаттар берілді.  

Белсенді өмір сүру орталығына келушілердің бірі Мэлс Оқапов мекемедегі мерекелік шараға асыға жеткен қариялардың бірі. Ол өзінің шадыман көңіл күйімен пікірін білдіріп:

— Биыл Наурыздың он күн бойы тойланатынын естіп, қуанып жатырмыз. Мерекені бүгін Орталыққа келіп, Көрісу күнімен бастадық. Дәстүрлі мерекеміздің өрісі кеңейіп, мазмұны тереңдей түскені құптарлық. Баршаңызды жалпыхалықтық мерекемен құттықтаймын! – деді.

Мерекелік шара бұдан әрі Бикен Римова атындағы драма театрында жалғасып, театр сахнасында қалалықтар мен қала қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Еске салсақ, биыл Наурыз мерекесін жаңа тұжырымдамаға сәйкес Наурызнама онкүндігі ретінде өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Онкүндіктің алғашқы күні, яғни 14 наурыз Көрісу күні немесе Амал мерекесімен басталды. Бұл — алты ай қыс­тан аман шыққан елдің арқа-жар­қа болып, көктемге есендікпен жеткенін дәріптеу салтын паш ететін күн.

Фотосуреттерді түсірген Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.