Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жарық шамдарды жаңарту жұмыстары жалғасуда

14.03.2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жарық шамдарды жаңарту жұмыстары жалғасуда

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жарық шамдарды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы негізінен қалада қолға алынған 5 жоба бойынша 111 шақырымнан асатын 212 көшені жарықтандыру және 3865 жарық бағандарын орнату жұмыстары жүргізілмек.

Мамандардың мәліметінше,  қазіргі кезде Талдықорған қаласы бойынша 640 көше бар. Оның  420-і жарықтандырылып, қалпына келтіру деңгейі 65 пайызға жеткен. Атап айтқанда,  жарықтандыру  жұмыстары қаланың Хутор, Шығыс шағын ауданы, Батыс тұрғын алабы, Подхоз және шаһар маңындағы саяжайларды қамтымақ. Ал жарық шамдарының жалпы саны 17700-ден асады. Оның 12 588 жарықдиодты шам болса, 859 жай шырақ және 4 255 торшерлік шам. Жалпы жарық желілерінің ұзындығы 540 шақырым. Бұл жұмыстар қалалық «Айбын» ЖШС-не жүктелген.

 – Қаланың жарық шамдарын жаңарту мен желілерді жөндеу ісі  тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл өз кезегінде аймақтағы барлық тұтынушыларға сапалы әрі сенімді электр қуатын беруге мол мүмкіндік сыйлайды. Осыған сай электр жүйелерін жаңарту және жетілдіру де баста назарда, – дейді компания басшысы.

Әкімдік өкілінің айтуынша, қазір қалада электр жүйелерін ретке келтіру жұмыстары қарқынды. Ал қала халқы тұтынатын 275 трансформатор, 600 шақырымнан асатын электр желісі бар. Олардың басым бөлігі қайта жаңғыртылған. Мұнда  №189 қосалқы трансформатор станциясына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осылайша қала аумағындағы барлық электр желілері, соның ішінде апаттық жағдайда тұрған электр бағаналар мен трансформаторлар кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.

Еске сала кетсек, өткен жылы 3-бөлімшеге 630 жарық шамдары орнатылып, толық жарықтандырылса, «Оңтүстік-Батыс» тұрғын үй алабындағы Еңбекші және Жетіген көшелеріне түнгі жарық тарту жұмыстары жыл соңына қарай толық аяқталған болатын. Мұндай жұмыстар биыл да  жалғасын тауып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала көшелерін тегіс жарықтандыру көзделген. Мысалға, бүгінгі күнге дейін қаладағы «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын аумағында жалпы ұзындығы 1 жарым шақырымға жуық бірнеше көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталса, «Ынтымақ» шағын ауданындағы 3,3 шақырымды құрайтын көшелердің жарық желісі жаңартылған. Қазір қалған аумақтардағы желілер жаңартылуда.

                                                                           Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.