Талдықорған: +34°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 102 отбасы үйлі болды

21.02.2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 102 отбасы үйлі болды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 30 отбасы жаңа үйлі болды. Талдықорған қаласындағы «Жастар — 3» жаңа тұрғын ауданынан берілген үйлердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында кезектегі 102 отбасы жаңа баспанаға кірді. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығының, «Жастар-3» тұрғын алабында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен көп балалы отбасылар үйлі болды,  — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кілт беру салтанатына қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, баспанамен қамту бағытында өңірде атқарылып жатқан шараларға тоқталды:

– Мемлекеттің қолдауымен қабылданып жатқан шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жыл басынан бері әлеуметтік осал топтар санатымен кезекте тұрған 102 көпбалалы отбасы үйлі болды. Солардың қатарда бүгін сіздер де өз үйлеріңіздің кілтін алып отырсыздар. Дәл осы жаңа тұрғын алабында 56 үй салынды, биыл біз 150 үй салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы мұнда 700-ден астам үй болады. Жол жасалады, құжаттар дайын. Сондай-ақ биыл газдандыру жұмыстарын бастаймыз. Осылайша бұл аудан алдағы уақытта қаланың үлкен әрі әдемі заманауи шағын аудандарының бірі болады. Содан кейін біз мұнда әлеуметтік нысандарды салу мәселесін қарастыра бастаймыз. Жалпы өткен жылы Талдықорғанда тұрғын үй кезегі 8,3%-ға азайды, осы жылы тағы 1400-ден астам отбасына тұрғын үй беріледі деп жоспарлап отырмыз. Сөйтіп 2023-2025 жылдары облыс орталығында кезекте тұрған 5 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, — деген Б. Исабаев «Жастар-3» тұрғын алабындағы үйлердің кілттерін тапсыру рәсімін атқарды.

Еске салсақ, осыдан 10 күн бұрын осы шағын ауданда алғашқы 23 отбасы жаңа қонысқа кірген болатын.

Жалпы бүгінгі жаңа қоныс иелерінің арасында толық емес отбасылар, мүгедек балаларды асырап отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейін жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.

Тұрғын үй кілтін алғандардың қатарындағы Шабельский отбасы қуанышын бөлісті. Жас отағасы Святослав Алексеевич:

– Қазір 25 жасқа келдім. 2011 жылдан бастап тұрғын үйге кезегінде тұрамын. Мен кішкентайымнан әжемнің қолында өстім. Осы кезге дейін әйел, бала-шағаммен бірге әжемнің үйінде бірге тұрдық. Әрине, өз үйіміз болса деп армандадық, әсіресе екі қызым өз бөлмеміз болса дейтін. Енді, міне, үйімізге қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ, — деді.

Қаланың тағы бір тұрғыны Жанар Әбділманова да жаңа қоныстың қуанышына кенелді. Ол «толық емес отбасы» санатында тұрғын үйге кезегінде 13 жыл тұрған.

– Бүгін біздің әулетімізде үлкен мереке. Жалдамалы пәтерде көшіп жүретін уақытымыз енді артта қалды. Балаларымның жайлы, әдемі, кең үйде еркін өсетініне қуанып отырмын, — дейді ол.

Талдықорғандық Дана Демидова да өз жайынан қысқаша баяндап берді:

– Менің екі балам бар, кіші ұлым 16 жаста. Ауыр жол апатының салдарынан күйеуім мерт болды, денсаулығым нашарлап, өзім мүгедектік алдым. Бүгін отбасымыз үлкен қуанышқа кенеліп, қоныстойын тойлап жатырмыз. Біз бұл күнді 14 жыл күттік. Бүгінгі қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймын, — деді денсаулық сақтау саласында фельдшер болып 25 жылдай жұмыс істеген Д.Демидова.

Атап өтсек, әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Үй электр қазандығы арқылы жылытылады, ал газ қазандықтары табиғи газ жеткізілгеннен кейін іске қосылады. Өңір басшысының айтуынша, жыл соңына дейін тұрғын үй алабына газ тарту жоспарда бар.

Жалпы өткен жылы облыста 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, биыл тағы 380 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарлануда.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фото: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додалардың дауылпаздары

Дүбірлі додалардың дауылпаздары

15.08.2026
Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар аймақ дамуының негізгі тірегі

Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар аймақ дамуының негізгі тірегі

14.08.2026
Болашақтың бағдары – сапалы білім

Болашақтың бағдары – сапалы білім

14.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Жаңа конституциялық модель

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.