Талдықорған: +24°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді

01.12.2025
КҮНДЕРЕК
Жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығында Арбат аумағындағы қайта абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолы жұрт игілігіне берілді.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде облыс орталығында заман талабына сай жаңартылып жатқан нысандар көп. Биыл өңір тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз демалуына мол мүмкіндік беретін шаһардағы бірқатар кешенді жобалар жүзеге асырылған. Атап айтқанда, тамыз айында Біржан сал көшесі бойындағы «Арбат» демалыс аймағы күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілсе, қыркүйек айында ондағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары қолға алынған. Осы барыста аталған аумаққа шағын сәулет нысандары орнатылып, заманауи жарықтандыру жүйесі толықтай жаңартылған. Сонымен бірге, жолдардағы ескі төсемелер түгел ауыстырылып, су ағатын арық желісі қайта қалпына келтіріліп, автоматты суару жүйесі іске қосылған. Құрылыс жұмыстарын «Капитал Story Kz» мердігер мекемесі  жүргізген.

– Бұл жұмыстардың барлығы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала тазалығы мен қолайлы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып келеді. Жаңарған «Арбат» аумағы енді талдықорғандықтар мен қала қонақтарының серуендеп, тынығуға арналған қолайлы орындардың біріне айналмақ, – дейді жауаптылар.

Шаһар тұрғындарының сөзінше, Талдықорғанға облыс орталығы мәртебесі берілгеннен бері еш жөндеу көрмеген бұл аумақ ұзақ жылдар бойы жабайы сауда базарына айналып келген. Бұрын мұндағы жолдың екі жағына тізілген түрлі жеміс-жидектер мен басқа да тауарлардан аяқ алып жүргісіз болатын. Тіпті, саудагерлер жаяу жүргіншілер жүретін жолға дейін иеленіп алған. Оның үстіне, жол шетіне иін тірестіре қойылған сатушылар мен такси жүргізушілерінің көліктерінен жұрттың базарға кіріп-шығуы да қиындаған. Мұндай келеңсіздіктерді жою үшін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, базар аумағын ретке келтірген қала билігіне жұрттың айтар алғысы мол. Енді аумақты ұқыпты әрі таза ұстау — көпке ортақ.

                                                                                                                            Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.