Текелі қаласында «Тату көршілер» бастамасы аясында Ғарышкерлер көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына ұйымшылдықпен қатысты.
40–50-ге жуық көрші №447 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. «Бір көше – бір дауыс» ұранымен ұйымдасқан тұрғындар ауызбіршілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Көршілердің сайлауға бірлесе қатысуы олардың туған қаласы мен ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартты. Тату тұрғындар әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, текеліліктерді сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
«Жетісу-Ақпарат»




