Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасына орай Жетісу облысы көлемінде сенбілік ұйымдастырылуда.
Аталған сенбілік жұмыстарына Жетісу облысы аумағындағы елді мекендері қамтылып, барлық мемлекеттік мекемелер мен жергілікті халық жұмылдырылуда.
Сенбілік жұмыстары аясында облыс аумағындағы барлық елді-мекендердің көше бойлары, саябақтар мен арық желісіне санитарлық тазалау, әктеу мен сырлау жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы облыс бойынша санитарлық тазарту жұмыстарына шамамен 18 мыңнан аса адамдармен, 1 370 техника жұмылдырылдыру жоспарлануда.




