Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Текелі қаласы әкімдігі халыққа зардабы мол мәселені 30 жыл бойы шеше алмай отыр

15.01.2024
КҮНДЕРЕК
Текелі қаласы әкімдігі халыққа зардабы мол мәселені 30 жыл бойы шеше алмай отыр
WhatsAppTelegramFacebook

Тау қойнауында орналасқан Текелі қаласын жұртшылық  «туризмнің мекені» деп атайды. Бірақ, алыс, жақын шетелдерден қонағы үзілмейтін кенді шаһарда экологиялық мәселе халықты дүрбелеңге салуда. Өкінішке қарай, жергілікті атқамінерлер талайдан теріліп жүрген келісі ұзын шаруаның түйінін тарқата алатын емес.

Текеліде 1942-1996 жылдар аралығында жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп, кеніштерден, пайдалы қазбаларды өңдеген қорғасын-мырыш комбинатынан шыққан қалдықтар жинақталған қоймалар орналасқан алқап бар. Сырт көзге қауіпсіз болып көрінетін үйінді төбешіктерде қордаланып, қатталып қалған қалдықтар арасындағы түрлі химиялық элементтері кенді шаһарға кеселін тигізуде. 69 гектарды алып жатқан полигонның мәселесін тұрғындар жылда әкім есебі болған сайын көтереді. «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, бұл мәселені біз де жылда газет бетіне жазудан жалықпаймыз. Бірақ, еш нәтиже жоқ. Әкімдер уәде беруді, халық айтуды, біз жазуды дәстүрге айналдырып алғандаймыз. 

Осы жолы барғанда да көргеніміз 30 жылға жуық улы элементтің ошағына айналған қойманың беті ашық тұр. «Қыс мезгілінде аса қатты зияны жоқ» дейді қала тұрғындары. Себебі, қойманың бетіне мұз қатып тұрады. Бірақ, қазір ауа райы жылы болғандықтан қоймадағы судың бетіне мұз қата қоймапты. Оның үстіне «хвостохранилищаға»  комбинаттан келетін құбыр арқылы су құйылып жатыр. Яғни, улы элементтер су арқылы топырақ қабаттарын бүлдіруде. Қала тұрғындары қалдық төгетін полигонның беті ашық болғандықтан оның залалы халыққа тиіп жатқанын айтып, күлімсі иістен құтылсақ екен дейді.

Бұл мәселе бойынша ешқандай әрекет жасалып жатқан жоқ деп айта алмаймыз. Әр жылдағы әкімдер қалдықтарды тегістеп, бетін топырақпен жауып, жерді өңдеуге қатысты бірнеше рет талпыныс жасаған. Мәселен, 2019 жылы кенді қаланың әкімі болған Бақтияр Өнербаев: «Қаланың ортасында 60-70 жыл бұрынғы көміп тастаған комбинат қалдықтары бар. Қалдықтың беті қазір ашық жатқандықтан жел тұрған кезде қоқыс ұшып, қаланың үстін жауып, жер, суға залалын тигізуде. Бау-бақшалардағы алма ағаштарының бұзылып кетуі де осыған байланысты. Осы мәселенің алдын алу мақсатында жобалық-сметалық құжат жасалды. Қаржы  бөлінді. Келесі жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінсе рекультивация жасаймыз. Қалған қалдықтың үстін топырақпен жауып, газон мен ағаш егеміз», – деп тұрғындарды бір серпілтіп тастаған еді. Өкінішке қарай, шаһар басшысының бұл ісі аяқсыз қалды. Жергілікті билік қауіпті қалдықтарды жоюдың жобасын әзірлеп, оны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінеді. Қаржы қолға тиіп, мердігерлер жұмысқа кіріскенімен  бір кездегі қорғасын-мырыш комбинатының ісін жалғастырушы «Текелі кен өңдеу комбинаты» өзінің құқын мәлімдеп,  тегістеу, жерді қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылады.

Былтыр компания басшылығымен «Текелі қаласындағы қалдықтар қоймасын қалпына келтіру және заманауи тау-кен байыту комбинаты құрылысы» жобасын орындау бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл жолы инвестицияның көлемі сәуірдегіге қарағанда тәуірлеу екен. Нақтырақ айтқанда, сол кезде 270,7 млрд. теңге және 500 жұмыс орны ашылады делінген. Жоспарды жүзеге асыру кезеңі 2022–2030 жылдар аралығы болатын. 

Ал қазіргі әкім Алмас Әділ қоқысты жабу үшін әлі нақты шешім шығарылмағандығын айтты. 

– Біз әлі нақты шешім шығарған жоқпыз. Бірақ, қазір бұл экологиялық мәселе емес. Өйткені, қалдықтың бетінде су бар. Егер су жоқ болса,  қалдықтар желмен көтеріліп, ішіндегі улы элементтер жұртшылыққа залалын тигізетін еді. Десе де біз мемлекет тарапынан рекультивация жасауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар,  инвестор тартып, бұл мәселені нақты шешуді қарастырамыз, – дейді ол.

Отыз жылға жуық қордаланған мәселені қалай реттейтінін әлі қарастырып жатқаны көңілімізге күдік ұялатты. Ең бастысы, экологиялық зияны жоқ деген сөзді естідік. Елге зияны болмаса да жерге зияны келіп тұр емес пе?! 

Қорғасын-мырыш комбинаты жұмысын тоқтатқанына 27 жыл өтті. Бірақ, өзекті мәселе әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Елді алаңдатқан экология мәселесін мемлекеттік деңгейде қолға алып, қомақты қаржы бөлінбейінше жағдайдың оңала-
тын түрі жоқ сыңайлы…

Айдар ҚАЛИЕВ
Текелі қаласы
Суретті түсірген Руслан Қадыров

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.