Талдықорған: +32°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Телевизия мен радиодағы тіл тазалығы

Теледидар мен радио – ақпарат тасқынының ең ықпалды құралдарының бірі ғана емес, сонымен қатар халықтың тілдік санасын қалыптастыратын, мәдени талғамын тәрбиелейтін, ұлттық болмысқа әсер ететін күшке ие платформа. Күн сайын миллиондаған көрермен мен тыңдарманның құлағына сіңетін сөз саптау, сөйлеу үлгісі мен интонация сананы баурап, тілді меңгеру үрдісіне ықпал етеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл тазалығы тек стилистикалық немесе грамматикалық мәселе емес, ол ұлттық мәдениеттің, ұлттың рухани қауіпсіздігінің бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.

15.06.2025
КҮНДЕРЕК
Телевизия мен радиодағы тіл тазалығы

Pinterest

Алайда қазіргі заманғы отандық телевизия мен радиохабарлар мазмұнына, ондағы тілдік ортаға көз жүгіртсек, мәселенің аса өзекті екеніне көз жеткіземіз. Әсіресе мемлекеттік тілдегі хабарлар мен жүргізушілердің сөз саптауы, дикторлардың мәтін оқуы, ток-шоу немесе сұхбат бағдарламаларындағы қате құрылымдар, жаргон, орыс тіліне тікелей аударылған калька тіркестер мен бейәдеп сөздер жиі кездесіп жатады. Бұл – тек техникалық кемшілік емес, терең әлеуметтік, мәдени һәм кәсіби дайындықтың төмендігін көрсететін фактор.

Біріншіден, тіл тазалығының бұзылуы журналистің немесе жүргізушінің тілдік білімінің таяздығынан, ана тіліне деген құрметінің төмендігінен хабар береді. Мысалы, эфирде жиі қолданылатын «бұл жерде», «ешқандай проблема жоқ», «қойып отырмыз», «жұмыс жасап жатыр», «болып табылады» секілді сөз тіркестері орыс тілінің тікелей әсерінен туындаған калька. Осындай қателіктер тұрақты түрде қайталана берсе, тыңдарман санасында да сол қате құрылым қалыптасады. Бұл ана тілінің табиғи нормалары мен заңдылықтарына нұқсан келтіретін қауіп.

Екіншіден, кәсіби дикция мен сөйлеу техникасының әлсіздігі де жиі байқалады. Радио мен телеарна жүргізушілері сөйлеу мәдениетін игермей, дыбыстарды анық айтпай, логикалық екпінді дұрыс қоймай, сөз мағынасын бұрмалайтын жағдайлар да аз емес. Эфирге шыққан әрбір сөз – халыққа үлгі. Демек, тіл тазалығы тек әдеби норма емес, сонымен қатар жауапкершілік пен ұлт алдындағы миссияның көрінісі болуы керек.

Үшіншіден, мазмұндағы сауатсыздық та тікелей тіл мәселесіне тіреледі. Телебағдарламалар мен радиохабарлардың кейбірінде дайын сценарийдің өзінде орфографиялық және синтаксистік қателер кездесіп жатады. Бұл жағдай редакторлық сүзгінің әлсіздігін, тіл мамандарының жеткіліксіздігін немесе кәсіби талаптың төмендігін аңғартады. Егер мәтін дайындалған сәттен бастап дұрыс тексерілмесе, қате ақпарат пен тілдік бұрмалаушылық тікелей эфир арқылы жұртшылыққа таралады. Мұндай жағдайда БАҚ-тың ағартушылық миссиясы кері әсерге айналады.

Төртіншіден, қазіргі заманғы телерадио өнімдерінде көп жағдайда рейтинг қуалау, коммерциялық мүдде үшін сөйлеу мәдениеті мен тіл тазалығы екінші орынға ысырылып жатады. Халықты қызықтыру мақсатында жеңіл-желпі, тұрмыстық әңгімеге құрылған шоулар көбейіп, ол бағдарламаларда тілді шұбарлау, диалектілерді орынсыз қолдану, кейде тіпті балағат сөздер айту – қалыпты құбылысқа айналған.

Бесіншіден, теле-радио саласындағы тіл тазалығы мәселесіне тек журналистер мен жүргізушілер емес, шығармашылық топ редакторлар, режиссерлер, сценарий авторлары мен дикторлар да жауапты. Бұл – бір адамның емес, тұтас редакцияның, тұтас медианың мәдени деңгейін көрсететін айна. Тілді таза сақтау тек жеке сауаттылықтың емес, тұтас ұжымдық жауапкершіліктің өлшемі болуы керек.

Мемлекеттік тілдің бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәртебесі мен сапасы ел ішіндегі тіл саясатының шынайы көрінісі. Қағаз жүзінде қабылданған заңдар мен ережелердің нәтижесі телеэкран мен радиоэфирден байқалмаса, ол құжаттардың мәні де жойылады. Сондықтан да тіл тазалығы тек мәдениет немесе эстетика мәселесі емес, мемлекеттік тілдің беделі мен қолданылу аясын кеңейту жолындағы нақты қадам.

Осы мәселелерді шешу үшін не қажет?

Мемлекеттік теле-радио саласында тұрақты түрде тіл мамандарының жұмыс істеуі шарт. Әр эфирге шығар алдында мәтін лингвистикалық, стилистикалық тексерістен өтуі тиіс.

Журналистер мен дикторлар үшін тіл тазалығына арналған шеберлік сабақтары, арнайы курстар, тренингтер ұйымдастырылуы қажет. Тіл – тірі ағза. Оны үздіксіз дамыту – кәсіби міндет.

Қазақ тілінде сапалы контент өндіретін шығармашылық ұжымдарды қолдау, олардың үлгісін көрсету – мемлекеттік саясаттың бір бағыты болуы керек.

Эфир мәдениетін бұзатын, сөйлеу стилі мен тілі жұтаң бағдарламаларға шектеу қою – көрермен мен тыңдарманның талғамын тәрбиелеуге сеп.

Бүгінгі таңда көрермен де, тыңдарман да сапалы өнімге зәру. Ұлттық арналардан әдеби тілде сауатты, байыпты сөйлейтін жүргізушіні көру – сирек құбылысқа айналып барады. Тіпті жастардың бір бөлігі мемлекеттік телеарналар мен радионы қызықсыз, тартымсыз, тілі шұбалаңқы деп қабылдайды. Бұл – дабыл қағарлық жағдай. Себебі тілдік мәдениет жойылса, ұлттық сананың өзегі үзіледі.

Қазақ тілінің мәйегін, табиғи әуезін, көркемдігін сақтаудың ең басты алаңы – дәл осы теледидар мен радио. Олар тілді үйрететін мектеп, мәдениетті тарататын мінбер, ұлттың жанын сөйлететін құрал. Сондықтан эфирде сөйлеген әрбір сөз – болашаққа айтылған аманат.

Бүгінгі отандық телеарналар мен радиолардың көпшілігі мемлекеттік тілде хабар таратады. Бұл жақсы үрдіс. Алайда, мемлекеттік тілдегі контенттің сапасына келгенде, көп жағдайда тілдік олқылықтар мен мәдениетсіздік байқалады. Мысалы, кейбір танымал ток-шоуларда немесе ойын-сауықтық бағдарламаларда жүргізушілер арасында орысша-қазақша аралас сөйлеу, аудармасы шала, мағынасы бұрмаланған тіркестер өте жиі кездеседі. Мұндай қателер көрерменге тікелей әсер етеді.

Мысал:»Бұл жерде біз айта кету керек…», «Жұмыс жасап жатырмыз», «Өз тарапымнан айтқым келеді», «Жауапкершілікті алып отыр», «Өз ойыммен қосар болсам…»

Бұл тіркестер орыс тілінен тікелей аударылып, қазақ тілінің табиғи құрылымына кереғар келетін шала сөз тіркестері. Осындай үлгілер тыңдарман мен көрерменге көп қайталанса, олардың сөйлеу дағдысына да солай орнығады. Бұл тілдік құндылықтың жойылуына әкелетін қауіп.

Тағы бір мысал теледидардағы жаңалықтар топтамасы.
Көп жағдайда жаңалық оқитын дикторлар сөйлемді дұрыс бөлмейді, тыныс белгілеріне сәйкес екпін қойылмайды. Қазақ тіліндегі мәтіннің мазмұны мен құрылымы сақталмай, сөздер орысша ойлау жүйесімен жазылып, оқылады. Соның салдарынан мағына бұзылып, тыңдаушы не айтылып жатқанын түсінбей қалуы мүмкін.

Радио эфирлерінде кейде тыңдарманмен тікелей байланыс орнату кезінде жүргізушілердің сөйлеу тілі тым қарабайыр, диалект сөздермен немесе қалжың-қалжың арасында дөрекі сөздермен араласып кететіні байқалады. Әсіресе жастарға арналған радиохабарларда бұл жиі қайталанады.

Осындай мысалдар – тек тілді шұбарлап қана қоймай, БАҚ өкілдерінің кәсіби этикасына, эфир мәдениетіне де көлеңке түсіреді.

– Бүгінгі ақпарат ағыны толассыз заманда, әр редакцияда 2-3 стилист маманның жұмыс істеуі – ауадай қажет. Олар тек сөз саптауы мен сөйлем құрылымын, тілдің стилистикасын қадағалауға жауапты болуы тиіс. Себебі эфирде не жазбада айтылған әрбір сөз – көпшілік үшін үлгі, еліктеу нысаны. Журналист қандай тіркес қолданса, тыңдарман немесе оқырман да дәл солай қабылдайды. Егер журналист қате сөйлесе немесе жазса, сол қате тіркестер көпшілік санасына сіңіп, кейін олар да солай сөйлеуге, солай жазуға үйреніп кетеді. Бұл – тікелей тілдің бұзылуына алып келетін құбылыс. Қазірдің өзінде тілімізде бұрмаланған, шұбарланған сөз тіркестері мен сөйлем құрылымдары жиі кездеседі. Тілдік нормаларға сай келмейтін сөйлемдер тек ауызекі тілде емес, бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми мәтіндерге де еніп кетті. Мысалы, «кеш қарайды» деген тіркес жиі қолданылып жүр. Бірақ бұл – дұрыс емес, жасанды тіркес. Шын мәнінде, «қараңғы түсе бастады», «күн бата бастады», «ақшам болды» деген дұрыс баламалары бар. Тілді жақсы меңгерген адам мұндай сөз тіркестеріндегі ауытқушылықты бірден байқайды. Себебі ол бұрыннан қалыптасқан қазақы сөз үлгісінен өзгешелікті, орысша ой жүйесінің ықпалын бірден сезеді. Мысалы, «Әділеттілік салтанат құрды» деген тіркес – тікелей орыс тілінен аударылған («справедливость восторжествовала») үлгі. Өкінішке қарай, мұны да бүгінгі журналистер жиі қолданады. Қазақ тілінде дәл осы мағынаны беретін «әділет жеңді», «әділдік орнады», «әділет өз биігіне шықты» секілді балама тіркестер жеткілікті. Бірақ журналистердің сөздік қоры жұтаң. Себебі олар көркем әдебиет оқымайды. Ал көркем әдебиет – тілдік байлықтың басты көзі, сөз қорымыздың ең үлкен доноры. Бүгінгі жастар күнделікті тілдік қорды негізінен әлеуметтік желіден, телевизиядан, сайттардан алады. Ал бұл көздерде тіл тазалығы жиі бұзылады. Бұрынғы билер мен шешендерден, көнекөз қарттардан еститін көркем, бай тіл –бүгінде тек әдеби кітаптарда ғана сақталып қалды. Әсіресе 1960–1990 жылдар аралығында шыққан кітаптарда қазақ тілінің табиғи болмысы, көркемдік сапасы жоғары. Ал қазіргі әдебиетке де тіл бұзылуы еніп кетті. Себебі оны жазып жүрген авторлар да сол қате нормаларды саналы не бейсаналы түрде қайталап жүр. Егер бұл үрдіс тоқтамаса, тілдің табиғи қалпы бұзыла береді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының әр саласында  телеарна, радио, сайт, газет редакцияларында арнайы тіл тазалығын бақылайтын стилист-редакторлар болуы керек. Олар күнделікті мәтіндерге тілдік ревизия жасап, дұрыс-бұрысын ажыратып отыруы қажет. Бұған қоса, әлеуметтік желіде арнайы платформа ашылып, үздік лингвист-ғалымдар, кәсіби тілшілер мен стилист-мамандар бірігіп, күнделікті дұрыс емес тіркестерді талдап, дұрыс баламаларын ұсынып отырса – бұл да халықтың тілдік сауатын арттыруға зор үлес болар еді. Ақ тақта мен қара тақтаны іспеттес үлгімен мынау дұрыс, мынау қате дегендей көрнекі түрде көрсету арқылы қоғамда тілге деген жауапкершілікті күшейтуге болады. Қазақ тілі – бай, бейнелі, терең тіл. Оны сақтау баршамыздың ортақ борышымыз. Ал бұл жолда кәсіби мамандардың жүйелі еңбегі ауадай қажет, – дейді «Жетісу» радиосының директоры Есболат Айдабосын.

Тіл тазалығы мәселесі жекелеген диктор не жүргізушінің ғана жауапкершілігі емес, бұл жүйелі түрде шешуді талап ететін көпқабатты мәселе. Оны төмендегідей бағыттар бойынша шешуге болады:

Мемлекеттік стандарттар мен талаптарды нақтылау

Теле және радио өнімдеріне қойылатын тілдік талаптар заңдық деңгейде күшейтілуі керек. Яғни әрбір телеарна мен радиохабар таратушы ұйым мемлекеттік тілдің нормаларын сақтау міндетін ресми түрде қабылдауы тиіс.

Мемлекеттік тілде хабар тарататын әрбір эфирге арнайы лингвистикалық редактор бекітілуі шарт.Бұл тексеру жүйесі телеарна мен радиостанция ішіндегі ішкі стандартқа айналуы қажет.

Тілді оқыту емес, тілмен өмір сүру ортасын қалыптастыру

Телерадио қызметкерлеріне арналған арнайы тіл курстары, тіл шеберлігін арттыру семинарлары тұрақты түрде өткізіліп отыруы керек.

Бұл курстарда дикция, дауыс тембрі, көркем сөйлеу, әдеби тіл нормалары, фразеология сияқты маңызды элементтерге басымдық берілуі керек.

Кәсіби кадр даярлау жүйесін жаңғырту

Журналистика факультеттері мен арнайы медиа оқу орындарында тіл мәдениеті пәндері күшейтіліп, тіл тазалығы бойынша тәжірибелік сабақтар мен емтихандар енгізілуі тиіс.

Теле-радио саласына кадр қабылдауда тек дикциясы емес, тілдік сауаты, сөз байлығы, сөйлеу мәдениетіде бағалануы қажет.

Сапалы контент өндірушілерді қолдау

Мемлекеттік деңгейде қазақ тілінде таза, көркем, әдеби нормаларға сай теле-радио бағдарламалар жасайтын продакшн компанияларға қолдау көрсетілуі керек.

Бұл қолдау қаржылай гранттар, арнайы байқаулар, мемлекеттік тапсырыстар арқылы жүзеге асып, сапалы медиаконтент өндірісі жолға қойылады.

Қоғамдық бақылау мен көрермен талғамын арттыру

Қазақ тіліндегі БАҚ-қа қоғамдық бақылау жүргізетін тәуелсіз лингвистикалық кеңестер құру – тілді сақтаудың бір тетігі.

Сондай-ақ көрермен мен тыңдарманның өзі талап қоятын деңгейге жетуі керек. Ол үшін тіл туралы білім, эстетикалық талғам, жауапкершілік сезімі мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.

Үлгі болар тұлғалар мен эфир иелерін дәріптеу

Тілді таза сөйлейтін, сөйлеу мәдениеті жоғары журналистер мен дикторларды медиа тұлға ретінде дәріптеу – мотивациялық әсер береді.

Мысалы, Сүлейменов, Бекболат Тілеухан, Дариға Мұхамедқызындай мемлекеттік тілде таза сөйлейтін тұлғалар, не болмаса Бейсен Құранбек сияқты жоғары мәдениетті жүргізушілер – жас мамандарға үлгі.

Мемлекеттік тілдің телевизия мен радио саласында қалай қолданылып жатқанын түсіну үшін ірі ұлттық арналар мен коммерциялық телеарналар, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік радиолардың контентін салыстыра отырып талдау маңызды. Бұл – тек тіл тазалығының жай-күйін ғана емес, жалпы медиа саласының бағыт-бағдарын, даму қарқынын да көрсететін айна іспеттес.

  1. “Qazaqstan” Ұлттық телеарнасы: дәстүрлі мектептің ізін жалғастырушы

“Qazaqstan” арнасы – мемлекеттік тілдегі хабар тарату жағынан ең ірі және ең кең қамтылған арна. Мұндағы жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар, тарихи-мәдени жобалар, деректі фильмдер әдеби тіл нормаларын сақтауға тырысады. Жүргізушілердің көпшілігі – арнайы дикторлық, сөйлеу техникасы бойынша дайындықтан өткен мамандар.

Мысалы: “Парасат майданы” бағдарламасында мемлекеттік тілдің бай лексикасы, тарихи терминдер, әдеби сөз орамдары жиі қолданылады. “Ақпарат” жаңалықтар топтамасы – тілдік тұрғыдан жүйелі дайындалған, бірақ кей сәттерде аударма стильіндегі сөйлемдер кездесіп жатады.

Проблема: кейбір бағдарламаларда жүргізушілер эмоциясыз, жазбаша мәтінді “оқып тұрғандай” күйде жеткізеді – бұл тыңдарманмен тілдесудегі жылы қарым-қатынасты әлсіретеді.

  1. “Хабар” арнасы: мазмұны бай, тілі аралас

“Хабар” телеарнасы – ел ішіндегі саяси-экономикалық жаңалықтар мен халықаралық оқиғаларды жүйелі жеткізетін ірі платформа. Бұл арнаның артықшылығы – сараптамалық контентке бай, тілі көбіне ресми және нақты. Алайда бұл арнада қазақ тіліндегі бағдарламалар саны аздау, және аралас тілде сөйлеу үлгісі жиі кездеседі.

Мысал: “Жеті күн” бағдарламасында сарапшылар жиі орысша пікір білдіреді, ал жүргізуші қазақшаға тікелей аударма жасап отырады. Бұл стиль тілдің табиғилығын бұзады.

Сын: Хабар арнасында тілді таза сақтауға тырысу бар, бірақ қазақша сөйлеу мен ойлаудың синхроны үзіліп, ресми тілдің қатқыл нұсқасына ұқсап кетеді.

  1. “КТК” және “31 арна”: рейтинг пен тілдің күресі

Бұл арналар көбінесе коммерциялық бағыттағы, көңіл көтеруге негізделген бағдарламалармен танымал. Мұнда халыққа қызық контент ұсынылғанымен, мемлекеттік тілдің жағдайы алаңдатарлық.

Мысал: “Келіндер бәйгесі”, “Әйел сыры”, “Басты рөлде” секілді бағдарламаларда кейіпкерлер де, жүргізушілер де қазақша мен орысшаны араластырып сөйлейді. Тілдік құрылымдар орыс тілінен тікелей аударылған:
“Мен осыны істеуім керек сияқты болды”, “Түсініктеме беру керек қой” деген сияқты тіркестер эфирден жиі естіледі.

Сын: Бұл арналарда тіл тазалығы ескерілмейді, аудиторияның тілдік талғамы қалыптасудың орнына, керісінше, шұбарлануға ұшырайды.

  1. Радио саласындағы ахуал: “Қазақ радиосы” мен “NS”, “Energy” арасындағы алшақтық

“Қазақ радиосы” – тілдік стандарттарды сақтауға тырысатын, эфир мәдениеті жоғары радиостанция.
Мұнда әдеби тілде сөйлейтін дикторлар мен кәсіби журналистер бар. Хабарлардың мазмұны да, құрылымы да тіл нормаларына сай.

Мысалы: “Ашық алаң”, “Сөз майданы” бағдарламаларында терминдердің дұрыс қолданылуы, логикалық сөйлеу жүйесі, әдеби тілде пікірталас жүргізу үлгісі бар. Ал “NS”, “Energy”, “Авторадио” сынды жастарға бағытталған жекеменшік радиоларда қазақша контент өте аз, немесе мүлде жоқ. Тіпті қазақ тыңдарманына бағытталған контентте де қалжың-қалжыңмен араласқан, грамматикалық қате өріп жүрген сөйлемдер жиі кездеседі.

Қоғамдық сана, мәдени талғам, ұлттық болмыс – бәрі де тілмен тікелей байланысты. Телевизия мен радио эфирінде айтылған әрбір сөз – халыққа бағытталған ақпарат қана емес, ұлттың келбеті мен сөйлеу мәдениетінің айнасы. Тіл тазалығы бұзылса, сана бұзылады. Сана бұзылса, тұтастық шайқалады. БАҚ тек ақпарат құралы емес, ұлттың рухани ұстазы. Сол ұстаз өз миссиясына адал болуы үшін, мемлекеттік тілде таза сөйлеу, сапалы ой айту, көркем тілмен жеткізу – бірінші кезектегі талап болуы тиіс.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.