Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға теміржол саласында бірнеше буын еңбек етіп келе жатқан Мермановтар әулеті де белсенді қатысты. Отбасы мүшелері Лепсі ауылындағы №375 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз азаматтық таңдауларын жасады.
Мермановтар отбасы үшін дауыс беру — азаматтық міндетті орындаумен қатар, отбасылық дәстүр мен ұрпақ сабақтастығының көрінісі. Теміржол саласында адал еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген әулет мүшелері қоғамдық өмірдегі маңызды шараға да жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.
Бір әулеттің бірнеше буынының бірге дауыс беруі — жастарға үлгі боларлық тағылымды бастама. Үлкендер өз тәжірибесі мен өмірлік ұстанымдарын кейінгі ұрпаққа жеткізсе, жас буын ел болашағына деген жауапкершілікті сезініп, азаматтық белсенділіктің маңызын түсінеді.
Мермановтар әулетінің ұйымшылдығы мен бірлігі сайлау учаскесінде де көрініс тапты. Отбасы мүшелері өз таңдауларын жасап, елдің болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінетіндерін білдірді.
Сарқан ауданы





