Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Түлік төлден өседі

8 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Түлік төлден өседі
WhatsAppTelegramFacebook

Мал төлдету науқаны малшы үшін аса жауапты кезең. Бұл тек төрт түлік ұстағандарға ғана емес, жалпы ауылшаруашылығы саласы үшін маңызы зор науқан. Осыған орай Кербұлақ ауданындағы мал төлдету жұмыстарын жазуды жөн көрдік.

Кербұлақ ауданы, Басши ауылының тұрғыны Қанат Қанапияұлы бірнеше жылдан бері жеке шаруашылықпен айналысып келеді. Оның иелігінде 300-ге жуық қой бар. Қойларды көктемгі төлдетуге дайындау қыстың басынан басталды. Қанат Қанапияұлының айтуынша, төлдің аман-есен туып, ширауы үшін бірнеше маңызды шараны орындау қажет. Қойлар қыстан күйлі шығуы үшін құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіледі. Мал денсаулығы тексеріліп, қажетті екпе салынып, дәрумендер беріледі. Буаз қойлар бөлек қамалып, олардың жағдайы ерекше бақылауға алынады. Арнайы жылы қоралар дайындалып, төлдің суықтан қорғалуы қамтамасыз етіледі.

– Мен 2004 жылдан бері жеке шаруашылықпен айналысамын. Бұл кәсіпті бастағанда қолымда 50-ге жуық қана қой болды. Еңбек пен дұрыс күтімнің арқасында мал басын көбейттім. Көктем – біз үшін ең жауапты кезең. Себебі төл алу – шаруашылықтың болашағы. Биыл 250-320 қозы алуды жоспарлап отырмын. Бұл оңай жұмыс емес, оған қыстан бастап дайындаламыз. Қойлар қоңды болуы үшін қыс бойы шөп, жем қорын жеткілікті мөлшерде дайындап, аналық малдың денсаулығын жақсылап күтеміз. Төлдеу кезінде әрбір қойдың жағдайын бақылап, жаңа туған қозылардың жетілуін қадағалаймыз. Әлсіз қозыларға ерекше күтім жасап, қажет болса қолдан сүт беріп өсіреміз. Көктемде туған қозылар тез жетіліп, жайылымға ерте үйренеді, – дейді Қанат Қанапияұлы.

Қанат Қанапияұлының тәжірибесі көрсеткендей, ерте туған қозылар табиғи шөппен қоректеніп, күзге дейін салмақ жинайды, бұл қыста шығынды азайтады. Оның еңбегі мен тәжірибесі мал шаруашылығының қаншалықты жауапты екенін көрсетеді. 

Бауыржан ҚАСЫМХАН
 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.