Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тұран жолбарысын жерсіндіру үшін Балқаш жағалауына 60 құлан жіберілді

12 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
Тұран жолбарысын жерсіндіру үшін Балқаш жағалауына 60 құлан жіберілді
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл бастаманы іске асыру үшін әуелі Қазақстанға Амур жолбарысын әкелу жоспарланған. Ол түрі жағынан Тұран жолбарысына ең ұқсас аң саналады және бұрындары Сырдария мен Іле өзенінің жағалауын мекендеген.

Тұран жолбарысы Қазақстанға 2026 жылға қарай оралуы мүмкін. Бұл туралы Самарқандта өтіп жатқан жабайы жануар түрлерін сақтау конвенциясының кезекті отырысы (COP 14) аясында БҰҰ Даму бағдарламасының жануарлар дүниесін басқару жөніндегі сарапшысы Айман Омарбекова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бойынша Қазақстанда ауқымды істер қолға алынды. Мәселен, ел Үкіметі осы жыртқышқа арналған экожүйені қалыптастыру үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен гранттық келісім жасады. Оның аясында Тұран жолбарысының қоректік базасын құру басталды. Бүгінге дейін Алтынемел ұлттық паркінен Іле-Балқаш резерватына 60 құлан әкелінді. Сонымен қатар, Қара Бақанас арнасын тазарту бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Оның нәтижесінде Тұран жолбарысына қажетті көлемде су болады деп жоспарланған», — деді Айман Омарбекова Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен келісімге қол қойған. Соған сәйкес, аталған ұйым өз қаражаты есебінен Алтынемел ұлттық паркіне бұқар бұғысын әкелді.

«Бұқар бұғысы Тұран жолбарысының қорегі үшін қолданылады. Жалпы оның экожүйеге де пайдасы аз емес. Бұл бастаманы іске асыру үшін әуелі Қазақстанға Амур жолбарысын әкелу жоспарланған. Ол түрі жағынан Тұран жолбарысына ең ұқсас аң саналады және бұрындары Сырдария мен Іле өзенінің жағалауын мекендеген. Оларды 2026 жылға қарай әкелу көзделіп отыр. Әзірге бұл мәселе пысықталып жатыр. Алғашында тек 2-3 бас қана алып келінуі мүмкін», — деп түйіндеді Айман Омарбекова.

ФОТО: PIXABAY.COM

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.