Талдықорған: +42°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық мемлекеттіліктің жаңа кезеңі

19.07.2026
КҮНДЕРЕК
Ұлттық  мемлекеттіліктің жаңа кезеңі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы үшін Құрылтай ұғымы жаңалық емес. Бұл – ғасырлар бойы ел тағдыры таразыланған, маңызды шешімдер қабылданған, халықтың бірлігі мен мемлекеттің болашағы айқындалған тарихи институт. Хандар мен билер, батырлар мен ел ағалары дәл осы Құрылтайда бас қосып, елдің ең өзекті мәселелерін ақылдасып шешкен. Сондықтан Құрылтай – халқымыздың саяси мәдениеті мен мемлекет басқару дәстүрінің ажырамас бөлігі.

Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституцияда заң шығарушы органның «Парламент» емес, «Құрылтай» деп аталуы – тарихи сабақтастықты жалғастырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. «Парламент» сөзі өзге тілден енген ұғым болса, «Құрылтай» – халқымыздың санасында орныққан, мағынасы терең төл атау. Бұл өзгеріс мемлекеттік институттардың ұлттық сипатын күшейтіп, елдің тарихи негіздерін қазіргі заман талаптарымен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа Конституцияда Құрылтай 145 депутаттан тұратын заң шығарушы орган ретінде белгіленген. Оның басты міндеті – мемлекет пен қоғамның дамуына қажетті заңдарды қабылдау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, елдегі қоғамдық қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеу. Құрылтай депутаттары – халықтың сеніміне ие болған өкілдер. Сондықтан олардың әрбір шешімі елдің болашағына тікелей әсер етеді.

Конституциялық реформалардың тағы бір маңызды бағыты – мемлекеттік басқару жүйесінің жаңаруы. Соның нәтижесінде вице-президент институты енгізіліп, Құрылтай және Халық кеңесі сияқты жаңа саяси институттар қалыптасты. Мұндай өзгерістер билік тармақтарының өзара үйлесімді жұмыс істеуіне, сондай-ақ, қоғамның мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуына жаңа мүмкіндік береді.

Конституцияда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» екені нақты көрсетілген. Сондықтан бұқараның пікірін ескеретін жаңа тетіктердің қалыптасуы – демократиялық дамудың маңызды белгісі. Осы тұрғыдан алғанда, Халық кеңесінің құрылуы ерекше маңызға ие. Бұл институт азаматтардың ұсыныстары мен қоғамдық пікірдің заң шығару үдерісіне ықпал етуіне жол ашады.

Халық кеңесінің басты ерекшеліктерінің бірі – заң шығару бастамасы құқығына ие болуы. Яғни бұл орган ұсынған заң жобалары міндетті түрде Құрылтайдың қарауына енгізіліп, жан-жақты талқыланады. Соңғы шешімді Құрылтай қабылдайды, алайда заң шығару процесіне халықтың үнінің жетуі – жаңа саяси жүйенің маңызды артықшылығы.

Бүгінде заң шығару бастамасы құқығы Президентке, Үкіметке, Құрылтай депутаттарына және Халық кеңесіне берілген. Бұл мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып қана қоймай, заңдардың қоғам сұранысына сай қабылдануына ықпал етеді. Әртүрлі пікірдің ескерілуі мен қоғамдық талқылаудың күшеюі құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі.

Құрылтай депутаттары саяси партиялар арқылы сайланады. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы ерекше маңызды. Өйткені дауыс беру арқылы халық өз мүддесін қорғайтын, елдің дамуына жауапты болатын депутаттарды таңдайды. Бұл – әр азаматтың мемлекет басқаруына қатысуының нақты көрінісі.

Еліміздің болашағы әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымызға байланысты. Белсенді азаматтық қоғам ғана әділетті әрі тиімді мемлекеттік басқарудың негізін қалыптастырады. Сондықтан әрбір азамат сайлауға бейжай қарамай, өзінің таңдауын саналы түрде жасауы қажет.

Жаңа Конституцияда көзделген өзгерістер – еліміздің жаңа даму кезеңіне бағытталған маңызды реформалар. Құрылтайдың құрылуы, жаңа саяси институттардың енгізілуі және халықтың заң шығару ісіне кеңінен қатысуына мүмкіндік берілуі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдар. Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – халықтың мүддесіне қызмет ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру және Қазақстанның тұрақты дамуына берік негіз қалау.

Өмірәлі ЖАЛАИРИ,
заң ғылымдарының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

Тарихи тұлғалар жаңғыруы: Жетісу мақтанышы – Тәттібай, Қарымбай және Назар билер

19.07.2026
Жаттығуды бастады

Жаттығуды бастады

19.07.2026
Жалған коуч жар жағалатар

Жалған коуч жар жағалатар

19.07.2026
Үкіметте балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Үкіметте балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

19.07.2026
Көрсеткіш төмендеп барады

Көрсеткіш төмендеп барады

19.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.