Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлы дала жорығы: рух пен төзімділіктің бәйгесі

27.09.2025
КҮНДЕРЕК
Ұлы дала жорығы: рух пен төзімділіктің бәйгесі

Фото: М. Тажкуранов

WhatsAppTelegramFacebook

Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасындағы Қазақстанның ұлаңғайыр ұшы-қиырсыз кең даласы тарлай тарихты бастан кешкен алтын бесік. Сақ, ғұннан таптып көшпенділердің өмір салты мен болмысын бүгінге жеткізген ерекше кеңістік. Сол кеңістікте соңғы жылдары дүбірі қайта жаңғырып, жаңа рухани тыныс әкелген бір жоба басталды.

«Ұлы Дала жорығы» жай ғана бәйге емес, әлемдегі ең ұзақ қашықтықты (1300 шақырымға дейін) қамтитын тұңғыш ат марафоны. Ол Қазақстанның шөлейт, далалық аймақтарында, ауа райының күрт құбылуы мен табиғат сынағының дәл ортасында өткізіледі. Бір қарағанда бұл жарыс спорттық дода, бірақ шын мәнінде ол қазақ халқының рухани кодын, төзімділік пен бірліктің символын айқындайды.

«Ұлы Дала жорығының» идея авторы, белгілі медиа-менеджер Бақытжан Тұрлыбеков. Ол бұл жобаны жай ғана спорттық іс-шара ретінде емес, қазақтың көшпенді өркениетінің заманауи көрінісі ретінде дүниеге әкелді. Тұрлыбековтің пікірінше:

«Бұл жоба нағыз көшпенділердің философиясын бостандықты, табиғатпен үйлесімділікті, төзімділікті және ортақ қуанышты бөлісе білуді насихаттайды. Атқа міну – қазақтың мәдениетінің өзегі. Ал осы рухты қайта жаңғырту – ұлттың болашағына инвестиция», – дейді ол.

Осы идеяның негізінде құрылған «JORYQ» ат спорты федерациясы бүгінде еліміздегі ұлттық спорттың ірі жаңашылығына айналды.

joryq.kz

2022 жылдың 18-29 қыркүйегінде әлем тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға өтті. Бес облысты (Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан) қамтыған «Ұлы Дала жорығы» бастау алды. Жалпы ұзақтығы – 1200 шақырым, 12 кезеңге бөлінген. Әр кезең шамамен 100 шақырымдық аралық.
Командаларға 12 күн ішінде мәре сызығына жету міндеті қойылды. Физикалық, психологиялық және табиғи сынақтың ең жоғары деңгейі.

Марафонның бірегейлігі оның командалық принципінде. Әр команда 5 шабандоздан және 10 жылқыдан тұрды. Әр шабандозға екі жылқы бекітіліп, 600 шақырым өткен соң жылқы ауыстыруға рұқсат берілді. Мұның барлығы жарыстың әділ өтуін және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.12 күн бойы шабандоздар құмды шөлдер мен жусанды далаларды кесіп өтіп, күн мен түннің табиғи айырмашылығына төзді.
Кейде күндіз аптап ыстық болса, түнде салқын мен желге қарсы жүрді. Бұл – табиғаттың өзі қойған сын.

Алғашқы «Ұлы Дала жорығының» нәтижесі — қазақтың төзімділігі мен бірлігінің дәлелі болды.
Мәреге тек төрт команда ғана толық құрамда жетті.

  1. Маңғыстау облысы – 107 сағат 14 минут 21 секунд
  2. Жетісу облысы – 110 сағат 43 минут 11 секунд
  3. Түркістан облысы – 110 сағат 58 минут 37 секунд
  4. Жамбыл облысы – 123 сағат 24 минут 04 секунд

Барлығы 26 шабандоз Түркістан қаласына аман-есен жетті. Олардың кейбірі жарақат алған аттарды ауыстырды, кейбірі жарыс жолында қиыншылықтарға қарамастан, саптан шықпай соңына дейін төзді.

Жеңімпаздарға жүлде ретінде: 1 орын – 24 млн теңге, 2 орын – 12 млн теңге, 3 орын – 9 млн теңге, 4 орын – 6 млн теңге, Ал мәреге дейін жеткен 13 шабандоз – 1 млн теңгеден алды.

Бұл марапаттардан да жоғарысы елдің құрметі мен ат спорты тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы еді.

joryq.kz

Үш жылдың ішінде «Ұлы Дала жорығы» жаңа белеске көтерілді. 2025 жылы ол алғаш рет халықаралық мәртебе алып, Қырғызстан құрамасы қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жолғы жорық Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай Арқалық қаласында ұйымдастырылды. Жарысқа «AMANAT» партиясы, Туризм және спорт министрлігі және Қостанай облысы әкімдігі қолдау көрсетті. Марапаттау салтанатында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек :

«Ұлы Дала жорығы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық спортты жаңғырту бастамасының жемісі. Үш жылдың ішінде бұл жарыс халықаралық аренаға көтеріліп, ұлтымыздың төлқұжатына айналды», — деп атап өтті.

Қырғызстанның бірінші құрамасы биылғы бәйгеде ерекше төзімділік пен кәсіби дайындықтың үлгісін көрсетті. Ал Жетісу мен Түркістан облыстары қайтадан үздіктер қатарында болды. Бұл – екі ел арасындағы достық пен спорттық бауырластықтың нақты көрінісі еді.

«Ұлы Дала жорығы» тек спорттық іс-шара емес. Ол қазақ қоғамындағы мәдени серпілістің көрсеткіші. Қазақ халқы үшін жылқы қасиетті жануар, еркіндік, күш және төзімділіктің символы. Ал «Ұлы Дала жорығы» осы ұғымдарды заманауи тұрғыдан қайта тірілтіп отыр. Марафон жастарға ұлттық болмысты сезінудің жаңа үлгісін ұсынады. Дәстүр мен технология, спорт пен мәдениет бәрі осы жобада тоғысады.

Этнограф Бекжан Төлеубек былай дейді:

«Бұл жарыс – ұлттың жадына салынған жаңғырық. Далада шабатын ат, желмен жарысқан жігіт – біздің түп тамырымыз. “Ұлы Дала жорығы” – сол рухтың қайта тірілуі».

Әр үлкен істің артында сынақ бар. Марафон кезінде қатысушылар табиғаттың барлық сынағын басынан өткізді. Күндіз 40 градус ыстық, түнде 5 градус суық. Құм дауылы, ұзақ қашықтықтағы су тапшылығы мен шаршаған аттардың жағдайы – бәрі де шынайы төзімділікті талап етті. Бірақ бұл қиындықтар жобаға деген сенімді арттырды. Шабандоздар мен ұйымдастырушылар әр жарыста жаңа технологияларды – GPS бақылау, ветеринарлық бақылау жүйесін енгізіп, қауіпсіздікті күшейтті. Бұл дәстүр мен заманауилықтың үйлескен үлгісі.

joryq.kz

Бүгінде «JORYQ» федерациясы жобаны кеңейту жоспарында. Алдағы жылдары марафонның географиясы кеңейіп, Батыс және Солтүстік Қазақстан өңірлері қамтылмақ; Халықаралық командалар (Моңғолия, Түркия, Венгрия) қатысуға қызығушылық танытып отыр; Аттардың биомониторинг жүйесі енгізіледі — бұл спорттағы инновациялық қадам; Ал жастар үшін арнайы «Junior Joryq» жобасы құрылмақ. Бұл бастамалар «Ұлы Дала жорығын» әлемдік ат спортының бірегей брендіне айналдыра алады.

Қазақтың тарихы – аттың ізімен жазылған. Бүгінгі «Ұлы Дала жорығы» – сол іздің қайта жаңғыруы. Марафон ерлік пен төзімнің, рух пен намыстың бәйгесі. Жеңіс тек мәреге жеткен шабандоздардың емес, тұтас ұлттың рухани жеңісі. Бір кезде дала төсін дүбірге бөлеген аттардың дауысы бүгінде қайта естілді. Ұлттың болмысын сақтап қалу жолындағы үміттің үні.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.