Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Ұяда не көрсең…» Дінтанушы бала тәрбиелеуде неге мән беру керек екенін айтты

28 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
"Ұяда не көрсең..." Дінтанушы бала тәрбиелеуде неге мән беру керек екенін айтты
WhatsAppTelegramFacebook

«Желмая» жобасының бүгінгі шығарылымында дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы бала тәрбиесінде неге мән беру керек екенін айтты. 

Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша, «бала мені тыңдамай жатыр» деп ойлау дұрыс емес. Үш жаста баланың мінезі қалыптасады, ол қырсығып, қарсы шығып, айтқанды тыңдамауы мүмкін. Сондай кезде үлкендер көбірек көңіл бөліп, оларды тыңдауы керек. Бұрыс пен дұрысты түсіндіріп, ақыл айтып отыру қажет. 

Құндылықтарды балаға жеткізудің бір жолы – үлгі көрсету. Қазақ баласына құндылықтарды көп сөзбен емес, іс жүзінде көрсеткен. Біздің тәрбиеміз – үлгі болу. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөз бар. Бала көргенін істейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған, — деді ол. 

Дінтанушы өз отбасындағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғады.

Қазақтың тәрбиесінің тірегі – үлгі көрсету. Мысалы, отбасымызбен дастарқан басында отырғанда «Пәленше деген кісі ауырып қалыпты, ертең көңілін сұрап барып қайтайық. Қандай сыйлық алып барамыз?» деп балалармен ақылдасамыз. Бұл оларға өзгеге көңіл бөлу, қамқор болу деген құндылықты сіңіреді, — деп түсіндірді Қайрат Жолдыбайұлы.

Сондай-ақ ол балалармен ақылдасып отыру керек екенін де алға тартты.

«Анау пәленшенің баласы биыл оқуда қиналып жүр екен. Осы айда соған көмектесейік. Біздің атымыздан шетелге қыдырып бармай-ақ қояйық. Сол балаға көмектессек қалай қарайсыңдар?» деп олармен ақылдасамыз, — дейді ол.

Жолдыбайұлы балаларының бойына құндылықтарды қалай сіңіргенін айтып берді.

Мен балаларыма кішкентай кездерінен жомарттық, көмектесу сияқты құндылықтарды үйретуге тырыстым. Мысалы, саябақта көмек сұрап отырған әжелерге екі жасар балама тиын беріп, «мынаны ана кісіге апарып бер» дейтінмін. Бала өзі апарып береді. Сосын «Әке, бұл кісі неге көмек сұрап отыр? Біз неге ақша бердік?» деп сұрайды. Сонда мен «Бұл кісі қарт адам, балалары алысқа кеткен болуы мүмкін немесе қарамай қойған шығар. Қазір табысы жоқ, үйіндегі су мен нанның ақшасын төлеуге мүмкіндігі жоқ. Біз қоғам ретінде осындай адамдарға көмектесуіміз керек. Бұл – біздің адамдық міндетіміз» деп түсіндіремін. Сол кезде балада мейірім, жанашырлық сезімі пайда болады. Ол қоғамда мұндай жандар бар екенін түсінеді, оларға көмектесу керек екенін ұғынады, — деді дінтанушы.

Қайрат Жолдыбайұлы атап өткендей, балаларға тек сөзбен айтып қою жеткіліксіз, олар оны жүрегімен сезінуі керек. Балаға талап қойғанда, оның артында әкелік махаббат пен жанашырлық бар екенін бала түсінуі тиіс.

Меніңше, ең дұрыс тәрбие – тепе-теңдікті сақтау. Тәрбиенің таразысын тең ұстап, ақылмен жеткізе білу қажет, — деп сөзін түйіндеді ол.

Дереккөз: baq.kz 
Фото: Facebook/Kairat Zholdybaiuly Mambetbay

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.