Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа оқу жылына жатақханалар дайын ба: Депутаттар студенттік жатақханалардың дайындығын тексерді

23 тамыз 2023
КҮНДЕРЕК
Жаңа оқу жылына жатақханалар дайын ба: Депутаттар студенттік жатақханалардың дайындығын тексерді
WhatsAppTelegramFacebook

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қоғам өкілі Гүлнар Омарова және БАҚ өкілдерімен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді жатақханаларға орналастыруға арналған ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты.

Сонымен қатар олар Сәтбаев Университетінің жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторинг барысында студенттерді жатақханаларға кедергісіз орналастыру мәселелері талқыланды.

— Бұл көптеген қиындықтар мен тәуекелдерге толы, жан-жақты қарастыруды талап ететін өте күрделі мәселе және алдағы уақытта да жатақхана мәселесі басты назарда болады. Өздеріңіз білетіндей, солтүстік өңірлерде өте мықты, өте сапалы жоғары оқу орындары бар, алайда барлық студенттер Алматыға келуге тырысады. Ал мұндағы ЖОО жатақханаларында білім алушылар үшін жеткілікті орын болмауы мүмкін. Сондықтан бізге санитарлық нормаларға, инфрақұрылым, студенттердің қауіпсіздігі, бюджет бойынша белгілі бір талаптарға сай студенттік жатақханалар қажет. Осының бәрін қарастырып, студенттердің тұрғылықты жерін қамтамасыз ету керек, —деді Ирина Смирнова.

Қазіргі уақытта Сәтбаев Университетінде 2075 орындық 5 жатақхана мен жас ғалымдар үйі бар. Сонымен қатар, 616 орындық 7 жатақханамен меморандумға қол қойылды. Қосымша 1999 орын алу үшін тағы бірнеше жатақханалармен келіссөздер жүргізілуде.

Бүгінгі күні университетке жатақханадан орын алуға 2400 өтініш келіп түсті. Орындарды бөлуді комиссия қатаң тәртіппен жүзеге асырады. Студенттерге тәулік бойы істейтін арнайы құрылған Ахуалдық орталық көмек көрсетеді. Іс-шараның ашық жүргізілуін студенттік деканат және Омбудсмендер қамтамасыз етеді.

— Барлық жоғары оқу орындары бұл мәселені шешуге бар күштерін салуда, Ахуалдық орталықтар 24/7 жұмыс істейді. Олар өтінімдерді электронды форматта қабылдап, студенттермен тікелей кездесу өткізеді. Тіпті Сіз басқа ЖОО студенті болсаңыз да далада қалмау жолын табу үшін кез келген ЖОО -ға келіп, кеңес алуға болады. Барлық студенттік елшілер осы жағдайды шешу үшін өзара байланыс орнатып, іс-шаралар жүргізеді, — деп қорытындылады Мәжіліс депутаты.

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.