Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жайлауға көш

26 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жайлауға көш
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу өзенінің жағасындағы көк шалғынға көш қонып, төрт түлік табиғатпен тілдесіп жатыр.

Жаз шығып көк майса дүркіреп өсіп, даланың дүр сілкінген шағы туды. Аспаннан түскендей ақ сәуле, жерден өргендей көк белес… Осындайда қазақ даласының бір ғасырлық тынысы қайта соғады. Әсіресе Көксу өзені бойындағы жазғы тіршілік – бабалар дәурінен жеткен бір рухани рең секілді. Таңбозынан тұрып, түстікке дейін төрт түлігін өріске оздырған ауыл бейнесі – ұмыт бола бастаған көшпелі тұрмыстың көз алдымызда қайта жаңғыруы.

Ауыспалы жайылым атакәсіпке қайта бет бұрған елдің еңсесін көтерер еселі іс. Бүгінгі замана талабына сай табиғатпен жарасым тауып, даланың дидарын бүлдірмей, малды күйлендірудің көне де көреген жолы. Жаз басталғалы бері Көксу жұрты осы тәсілге тиянақты түрде көшіп, шын мәніндегі ширақ тірліктің шетін шығарды. Қазірдің өзінде аудан көлеміндегі 105 шаруа қожалығы 22 500 ірі қара, 175 000 қой-ешкі, 18 500 жылқыны жаз жайлауға айдап, көштің көлігін сайлап үлгерді.
Жайлауға бет түзеу қарапайым көш болып көрінгенімен ұлттың өткенін еске түсіріп, болашағына жол ашатын тіршілік рәсімі. Ерте заманда елдің тірлігі төрт түлікпен біте қайнасқан еді. Аттылы жұрт, түйелі керуен, боз үйлі ауыл – бәрі де осы көштің сыңары. Ауыспалы жайылым сол көштің көзіндей, рухтың үзілмеген жібіндей. Ол табиғатты тоздырмай, даланы демалдырып, малдың күйін арттыратын ізгілікті із.

Көш – қазақ үшін қоныс аудару мен қатар өмір сүру философиясы, ұлы тәртіп. Ата-бабалар шілдеде шілмен шөлдеген даланы босатып, таудың баурайына бет бұрған. Көксу халқы – осы дәстүрді замана талабымен үйлестіріп, жерге де, жанға да жүк салмайтын жүйені қолға алып отыр. Бұл – жайылымды бір маусым бойы таптап талғажау етпей, әр кезеңде әр белдеуге бөліп, табиғатты аялай білудің үлгісі.

«Жер жомарт, ел қанағатты бол- са – байлықтан тарықпайсың» дегендей, жомарт жердің жұмсақ баурайын таптап, оны сақтай отырып тіршілік ету – өркениетті ұлттың белгісі. Көксу ауданы осы жолда көшбастады.

Ауыспалы жайылым – төрт түлікке арналған агротехникалық әдіс емес. Ол – көшпенді мәдениеттің кіндігінен өрген, тіршіліктің тіні болған табиғи заңдылық. Ел мен жердің жарасымы. Мал мен шөптің, адам мен табиғаттың келісімі. Бұл – ұрпаққа аманат, болашаққа бағдар, даланың даналығынан тараған текті жол.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.