Талдықорған: +21°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАЛАР ҚАШАН ТҮЗЕЛМЕК?

28.07.2024
КҮНДЕРЕК
ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАЛАР ҚАШАН ТҮЗЕЛМЕК?

Тіл – ұлттың жаны. Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады», – дейді. Біздің байлығымыз, асыл қазынамыз, өшпес мұрамыз – тіл. Бірақ, бүгінгі таңда тілімізді шұбарлап сөйлейтіндерді, қаланың қақ ортасында аймаңдай қылып іліп қойған қате жазылған жарнамаларды көргенде қынжылатынымыз рас. 

Қала көшелеріне шыға қалсаңыз билбордтар мен жарнама тақтайшаларындағы, көгілдір экрандағы сауатсыз жазылған, калька түрінде аударылған жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасы жоқ, қатесі көп, өзге тілде жазылған мәтіндер менмұндалап тұр. Жалпы, мұндай қателердің, әсіресе, көпшіліктің қарасы көп болатын жерлерде кездесуі жанға батады. 

Жуырда Абай көшесінен өтіп бара жатып «Sulpak» дүкенінің қабырғасында батпандай болып жазылған «Сапа қолайлы бағаға» деген жазуға көзім түсті. Орысшасы «Качество по разумной цене». Мұнда мәтінді тікелей аудара салған. «Сапасы жақсы, бағасы қолайлы» немесе «Сапалы әрі қолайлы бағада» деп аударса түсінер едік. Әлгі жарнаманы оқыған соң көшеде өтіп бара жатқан бір топ жастан «Мына мәтін дұрыс аударылған ба, мағынасын түсінбедім?» деп сұрадым. Олар бір қарады да «Бағасы арзан деген мағына шығар» деді. Біз қате жазылған жарнаманы түзетуге емес, мағынасын өзімізше түсініп алуға тырысып жүргендейміз. Тіліміздегі сауатсыз жазылған жарнамалар мен көшедегі тақтайшалардағы қателіктерге бірте-бірте көзіміз де, тіпті, өзіміз де үйреніп бара жатқандаймыз.

 

«Апама жездем сай» дегендей, «Sulpak-тың» жанындағы «Euro mebel» дүкенінің жарнамасы да дәл осылай тікелей аударылған. Олар «Цены для жизни» дегенді «Өмір үшін бағалар» деп жазыпты. Аты дардай дүкендерде төл әріптерімізді түзу жаза алатын адамның табылмайтынына қайран қаласың. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа» болмағаннан кейін жеке кәсіпкерлер «Тіл туралы» Заңды белшеден басып, алабажақ, шаласауат тақтайшаларын орната беретіні өкінішті.

Жаз айында барлық білім ордасы мектепті тамамдаған түлектерді оқуға шақырамыз деп жарнама іледі. Білім ордасы ілген жарнаманы тіл мамандары жазып, орыс тілі мұғалімдері аударып, артынан басшысы шұқшиып отырып тексеретін шығар деп ойлайтынмын. Қаладағы аялдамаларда ілулі тұрған мына бір жарнаманы көріп, қазақ тілі мен бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын білім ошағында бір аудармашы табылмаған ба деп таңғалдым?! Орысшасы сайрап тұр. Өкініштісі, қазақшаға тек «Мамандықтар» мен «Кітапхана ісі» деген сөз ғана аударылыпты. Талдықорған қаласының инновация колледжі жарнамасын қазақша аударуға ерінген бе, әлде мәтінді тек орыс тілді мұғалімдер ғана жаза ма?! Өзге тілдің көлеңкесінде қалып қойған ана тілімізді көргенде жаның ауырады. Масқара емес пе?!  Дана халқым бір істі қолға алар алдында «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген. Сондықтан, кемшіліктің көпшілік оқитын, алдын ала дайындалған жарнамадан кетуі әбестік.

«LC Waikiki» дүкеніндегі «Біздің сөмкелеріміз бен сатып алу барысын жанға жағымды ете түсіңіз!», Ақын Сара көшесінде орналасқан  «TASCREDIT-тің» «Автокөлік, жылжымайтын мүлік кепілдігіне» деген жарнамалардың мағынасын он оқып түсіне алмай қойдым. Тәржімалар тіл көсегесін көгертіп, қаланы көркейткеннің орнына қазақ тілінің қабырғасын қайыстырып тұрғандай.

Тізе берсең, көз ұялып, тілің күрмеліп, жүрегіңді қан жылататын жарнамалар өте көп. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңға сәйкес көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде, сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағында орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Яғни, жарнама алдымен қазақ тілінде жазылып, содан кейін басқа тілге аударылуы керек. Бірақ бізде тек орыс тілінде ғана жазылатын жарнамалар жетерлік. Мәселен, Ақын Сара мен Қабанбай батыр көшесінде тұрған жарнамалардың басым көпшілігі орыс тілінде жазылған. Сауда үйінің алдында ағылшынша, орысша жазылған маңдайшалар да мемлекеттік тілді «менсінбей» тұрғандай. Аталған мәселені жарнама берушілер мен жарнама агенттіктері де қаперде ұстағандары абзал.

Мемлекеттік құжаттарды, заңды айтпағанда қарапайым ғана жарнаманың өзі орыс, ағылшын тілдерінен аударылады. Нәтижесінде он рет оқып түсіне алмайтын мәтін пайда болады. Тіл өлсе, ұлт жоғалады. Тіл – мәңгілік құндылық. Сондықтан қасаңдана, қарабайырлана бастаған ана тілін табиғи құнарына бүгін қайтармасақ, ертең бәрі кеш болады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.