Талдықорған: -11°C
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ҮНДІСТАНДА

08.04.2025
КҮНДЕРЕК
ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ҮНДІСТАНДА
WhatsAppTelegramFacebook

Үндістанда ІІІ Үндістан-Орталық Азия жастар форумы өтті. Қазақстаннан таңдалған жастар делегациясы Дели және Агра қаласына, Гоа штатына сапар шегіп, мәдени және дипломатиялық алмасу бағдарламасына қатысты. Олардың қатарында жетісулық жастар да бар. 

Халықаралық іс-шараның басты мақсаты – достық байланыстарды нығайту және жастарды Үндістанның мәдениетімен таныстырып, заманауи дамуын көруге мүмкіндік беру.

Форумның алғашқы күні қатысушылар Аграға сапарлап, әлемнің жеті кереметінің бірі – Тәж Махал кесенесін аралады. Тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған сәулет өнері жастарды тамсандырмай қоймады.

Келесі күні бес елдің делегациясы Гоа штатына аттанды. Күн, құм және теңіз өлкесі саналатын Гоа Үндістанның бай штатының бірі саналады. Шараға қатысушы жастар штаттың сауда және өнеркәсіп палатасы басшыларымен, Жастар ісі және спорт министрлігінің өкілдерімен кездесіп, губернатордың және бас министрдің жеке қабылдауында болды. Сондай-ақ, қаладағы менеджмент институтына ат басын бұрып, плантацияны аралады.

Қазақстан делегациясы құрамындағы Жетісу облысы атынан барған «Жетісу жастары» мекемесі директорының орынбасары Арнай Байжұрыновтан Үндістанда өткен форум жөніндегі пікірін тыңдадық.

– Үндістанда өткен ІІІ Жастар форумы — өмірімдегі ең ерекше әрі маңызды оқиғалардың бірі. Жетісу облысының атынан халықаралық деңгейде жастармен тәжірибе алмасу үлкен мәртебе. Форумда әртүрлі елден келген жас көшбасшылармен танысып, олардың идеяларын тыңдадық. Бұл тек халықаралық байланыс емес, мәдениеттер тоғысы, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан диалог алаңы болды. Бірлік пен түсіністікке құрылған ортада мен Қазақстан жастарының белсенділігін, бастамашылдығын көрсете алдым деп ойлаймын. Үндістанның бай мәдениеті, қонақжай халқы да керемет әсер қалдырды. Осындай форумдар бізге үлкен шабыт береді, жаңа мақсаттарға жетелейді. Еліміздің атынан халықаралық алаңда сөз сөйлеп, Жетісу облысының атынан қатысу мен үшін үлкен мақтаныш, – деді ол.

Делиде Қазақстан жастары Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкармен кездесті. Форумның қорытынды кешінде Жастар ісі және спорт министрі Мансух Мандавия Орталық Азияның жүз жасын қабылдап, сый-сияпат жасады. Әр елдің көшбасшылары лауазымды тұлғалар алдында сөз сөйлеп, өз елдерінде жастар саясаты қалай жүргізілетінін айтты. Кеш соңында Орталық Азия жастары министрлер алдында өнер көрсетіп, өз елінің мәдениетін паш етті.

Форум қатысушылары әлемдік үздік оқу орындарының қатарына кіретін Үндістанның технология институтына ат басын бұрып, зертханасын аралап көрді. Жастар Делиге келген адам соқпай кетпейтін қасиетті жер – Бабыр баласы Хумаюн жерленген кесенеге де барды.

Делегация құрамына Орталық Азияның түрлі саладағы жас көшбасшылары кірді. Олар сапар барысында Үндістанның тарихымен, мәдениетімен, бизнес саласымен танысып, елдің бай мәдени мұрасына куә болды. 

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

20.01.2026
Президент қыз алып қашу қылмыс екенін айтты

Президент қыз алып қашу қылмыс екенін айтты

20.01.2026
Парламенттік реформа: Депутаттар 5 жылға сайланып, заң қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі

Парламенттік реформа: Депутаттар 5 жылға сайланып, заң қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі

20.01.2026
Болашақ Парламент «Құрылтай» деп аталуы мүмкін: Президент депутаттар санын нақтылады

Болашақ Парламент «Құрылтай» деп аталуы мүмкін: Президент депутаттар санын нақтылады

20.01.2026
Қазақстанда вице-президент болады

Қазақстанда вице-президент болады

20.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.