Талдықорған: +22°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жасанды интеллект: адамдар енді екі есе ұзақ өмір сүреді

Соңғы 200 жыл ішінде адамзат ұзақ өмір сүру мәселесінде үлкен өзгерісті бастан өткерді.

20.05.2025
КҮНДЕРЕК
Жасанды интеллект: адамдар енді екі есе ұзақ өмір сүреді

www.rc.fr

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1824 жылы АҚШ-та адамның орташа өмір сүру ұзақтығы небәрі 40 жас шамасында болған. Ал бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсті. Мұндай серпіліске жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы айтарлықтай үлес қосып отыр.

Жасанды интеллекттің басты артықшылығы ­– деректердің орасан зор көлемін өңдеп, ғылым қол жеткізе алмаған жаңа емдеу тәсілдері мен дәрі-дәрмектерді табу қабілетінде. Зерттеулер көрсеткендей, ЖИ қартаю мен өлімнің түпкі себептерін зерттеуде таптырмас құралға айналуы мүмкін.

Алайда, егер жасанды интеллектке жай ғана құрал емес, одан да маңызды құбылыс ретінде қарасақ ше? Егер ол адамзат тарихындағы ұзақ өмір сүру кезеңінің шешуші факторы атанса ше? Бұл ой көптеген технология мамандарына, оның ішінде Anthropic компаниясының бас директоры Дарио Амодейді де шабыттандырған. Ол жасанды интеллект тек ұзақ өмір сүру саласындағы төңкерісті жалғастырып қана қоймай, оны едәуір жылдамдатады деген пікірге келген.

ХХ ғасырда өмір сүру ұзақтығы расымен екі есе — шамамен 40 жастан 75 жасқа дейін ұзарды. Қазіргі тенденцияларға сүйенсек, жедел дамып жатқан XXI ғасырда бұл көрсеткіш тағы да екі есе артып, 150 жасқа жетуі мүмкін, – дейді Амодей.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде кейбір дәрілер кеміргіштердің өмір сүру ұзақтығын 25-50 пайызға дейін арттыра алады және олардың жанама әсері де аз. Бұған қоса, кейбір жануарлар, мысалы, тасбақалар 200 жылға дейін өмір сүреді ­– бұл адамның ұзақ өмір сүруінің қандай да бір шекті деңгейіне жетпегенін көрсетеді.

2025 жылдың қаңтарында Амодей ЖИ адамның өмір сүру ұзақтығын бар болғаны бес жыл ішінде екі есе арттыра алатынын мәлімдеді. Дүниежүзілік экономикалық форумда (Давос) ол «екінші жылдамдық» тұжырымдамасын таныстырып, белгілі бір жағдайларда адамдар өмір сүру ұзақтығын өздері таңдай алады деген пікір айтты. Дегенмен ол мұндай мүмкіндіктің биологиялық тұрғыдан мүмкін еместігін де жоққа шығармайды.

Бұл болжамды Амодейден бөлек белгілі футуролог Рэй Курцвейл де алға тартады: ол 2032 жылға қарай ЖИ қартаю процесін тоқтата алады деп есептейді. Маман тіпті екі негізгі тәсілді ұсынады:

Біріншісі — ЖИ басқаруындағы медициналық нанороботтар арқылы зақымданған жасушаларды қалпына келтіріп, дәрі-дәрмектерді дәл қажетті жерге жеткізу.

Екінші тәсіл — ЖИ көмегімен адам миының резервтік көшірмесін бұлттық жүйеде сақтау мүмкіндігі.

«Жасанды интеллект» пен «төңкеріс» сөздері медицина саласындағы зерттеулер туралы сөз болғанда жиі қатар қолданылады. Гарвард газеті 2025 жылдың наурызында жариялаған мақаласында ЖИ-дің медициналық салаға енуін интернет пен адам геномын ашып түсіндіру деңгейіндегі жетістікке теңеген.

Алайда жасанды интеллекттің обырды анықтау, ауруларды емдеу және денсаулықты жақсарту бағытындағы тиімділігі оның биологиялық тұрғыдан адам өмірін ұзартатынын білдірмейді. Чикагодағы Иллинойс университетінің эпидемиология және биостатистика профессоры С. Джей Ольшански ЖИ қартаю процесіне нақты әсер ететініне дәлел жоқ екенін алға тартады.

Қарапайым тілмен айтқанда, жасанды интеллект адам өмірін ұзарта алатындай күшке ие болса да, мұны растау үшін бір ғасырлық ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер қажет болады.

Қазіргі таңда ЖИ – жай ғана сәнді сөз. Адам өмірін түбегейлі ұзартуға қабілетті екеніне нақты дәлелдер жоқ», – дейді профессор Ольшански. – Біз не ғылыммен айналысамыз, не айналыспаймыз. Өкінішке қарай, бұл салада алаяқтар да жеткілікті, – деп түйіндеді ол.

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.