Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жазылған жайдың жаңғырығы: Негізсіз мәселе көтерген

06.02.2024
КҮНДЕРЕК
Жазылған жайдың жаңғырығы: Негізсіз мәселе көтерген
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық «Жетісу» газетінің 18 қаңтардағы №8 санында «Шешілмейтін түйін жоқ» тақырыбымен Еңлік Кенебайдың мақаласы жарияланған еді. Онда Талдықорған қаласы қоғамдық палатасының өкілдері Нұрлан Айшымбаев пен Нұрдәулет Жақыпов «Жерұйық-Өрлеу» ЖШС-нің жұмысы туралы мәселе көтеріпті. Бірақ мен олардың бұл айтқан уәждеріне келіспейтінімді жеткізгім келеді. 

Базарда сауда жасайтындар тұратын жерді жалдау ақысы 500 теңге мен 4000 теңге аралығында. Ал зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулілер үшін 50% жеңілдік қарастырылған. Бұл басқа базарлармен салыстырғанда едәуір төмен. 

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында біздің мекеме 7 жылдан бері сауда орындары үшін жалдау ақысын көтерген жоқ. Демек, «Жалдау ақысы көтерілді» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Мекеме толық шаруашылық есепте жұмыс істейді. Сенбіде, яғни жәрмеңке өткізілетін күні түскен табыс қызметкерлерге жалақы, бюджетке төленетін міндетті төлемдер, коммуналдық шығындар, ЖЖМ төлеуге мүмкіндік береді. 

15 жыл бойы коммуналдық базарда жылдың кез келген уақытында тоқтаусыз өткізіліп келе жатқан сенбі жәрмеңкелерінің маңызы зор. Бұл күнгі жәрмеңкеде облыстағы аудандар мен  2 қаланың тауар өндірушілері мен саудагерлері өз өнімдерін сатады. Қала тұрғындарына 25-30 тоннадан астам ет, 1,5-2 тонна балық, 3 тонна шұжық өнімдері, жұмыртқа, сүт өнімдері, 70-80 тонна көкөніс пен жеміс және басқа да көптеген өнім сатылады. Қала халқының 30-40% дәл осы жерден азық-түлік алуға асығады. 

Жәрмеңкеде сатылатын өнімдер басқа базарға қарағанда біршама арзан. Осыдан коммуналдық базардың азық-түлік бағасын қалыптастыру ісінде қандай маңызы бар екенін бағамдауға болады. 

Неліктен ол күнделікті жұмыс істемейді деген заңды сұраққа бірнеше жауап бар. Мәселен, базар ғимаратын салған кезде қажетті инфрақұрылымның жоспарланбауы, тоңазытқыштар мен сақтау камераларының болмауы жұмыстың күнделікті жүргізілмейтініне себеп. 

Базардың күнделікті жұмысын тежейтін екінші маңызды себеп – тауар өндірушілер әр күн сайын сауда нүктесінде бола алмайды. Тауар өндірумен айналысады. Ал өз өнімдерін күнделікті сату үшін бухгалтерді жұмысқа қабылдауы және әр күн сайын көлік жалдауы керек. Мұның барлығы қаржыға келіп тіреледі. Ал сенбі жәрмеңкесінде олар бір апта ішінде жиналған тауарларын сәтті сатуға мүмкіндік алады. 

Базар жайлы ой айтқандар коммуналдық базардың жеке қолға өтіп кеткеніне қарсылық білдірген. Бірақ бұл да біздің қалауымыз бойынша жасалынған шаруа емес. Ол мемлекеттік базар жұмысының мемлекет көрсететін қызметтер тізімінде көзделмегендігіне байланысты. Осыны негізге ала отырып, облыстың монополияға қарсы комитеті 2011 жылдан бастап базар қызметіне жол бермеу туралы мәселе қойған еді. Оған қосымша «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 ҚР Заңының 27-бабы және 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV ҚР Заңының 17-бабы негізінде, «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес 2017 жылғы 24 ақпанда «Жерұйық-Талдықорған» АӨК ЖШС-інің бәсекелестік ортаға беруге жататын объектілердің қатарына енгенін де атап өткен жөн. Соған орай осы уақытқа дейін коммуналдық базарды басқаратын мекеме қызметі облыс, қала әкімдіктері мен облыстық қаржы басқармасының заңды қаулылары мен шешімдерінің негізінде бірнеше рет қайта құрылды. Ең соңында, яғни 2023 жылғы 21 шілдеде облыстық қаржы басқармасы «Жерұйық-Өрлеу» ЖШС-інің 49% мемлекеттік үлесін аукцион арқылы сату жөніндегі ұсыныс хатын жолдады. 

Аукцион 2023 жылдың 4 тамызында өтті. Онда №287032 электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасы негізінде мен жеңімпаз және жалғыз қатысушы тұлға болып жарияландым. Соған орай «Жерұйық-Өрлеу» ЖШС жарғылық капиталының 49% қатысу үлесін сатып алу туралы 2023 жылғы 7 тамыздағы №43702-ЭТП сатып алу-сату шарты жасалды. Барлық құжат көшірмелері бар «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы арқылы электрондық түрде қалыптастырылды. 
Базар ұжымы қаладағы қайырымдылық акцияларының барлығына белсене қатысады. Мысалы, «Мектепке жол» акциясына қатысып, қарт адамдарға, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетуге, оларға үй сатып алуға, қыс мезгілінде көмірмен қамтамасыз ету шараларына демеушілік көрсеттік. Тек қана осы мақсаттарға 10 миллион теңге жұмсалды.

«Жерұйық-Өрлеу» ЖШС ұжымы сауда орындары үшін тарифті көтеруді жоспарлап отырған жоқ. Соның нәтижесінде тауар өндірушілер жәрмеңкеге белсене қатысуды жалғастыруда. Осы уақытқа дейін қатысушылар тарапынан ешқандай реніш түскен жоқ. 

Серіктестік ұжымы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да жүйелі жұмыс атқаратын болады.

Ақшабай КЕРІМБЕКОВ, 
«Жерұйық-Өрлеу» ЖШС директоры

Фото: egemen.kz-тен көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026
Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

31.07.2026
Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.