ШЕШІЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ

Уақыты: 17.01.2024
Оқылды: 784
Бөлім: САЯСАТ

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыстың 7 тұрғыны жазылған. Олардың көп шілігі мемлекеттік тұрғын үй, жер мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Қабылдауға бірінші болып Талдықорған қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлжан Дүйсенбекова кірді. Тәрбиелеп отырған бес баланың екеуінің мүмкіндігі шектеулі. Баспа на кезегінде тұрғандарына 12 жыл. «Баспана басты мәселеміз болып тұр. Былтыр кезе гімді тексергенімде 600-ші болған едім, биыл 1500-ші болып тұрмын. Неге бұлай болғанын түсінбедім? Жолдасым әскери қызметте. Отбасы мүшелерінің санына қарай пәтер ақы аламыз. Бірақ несие тарихымыз нашар болғандықтан ипотекаға пәтер ала алмай, жалдамалы пәтер жағалап жүрміз. Бес баламен көшіп-қону оңай болмай тұр. Пәтер алуға көмектессеңіз екен», – деген өтінішін білдірді көпбалалы ана.

Аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы заң талаптарына сәйкес үй кезегіне тіркелу 6 санат бойынша жүргізілуі тиіс болғанын, алайда тұрғын үй қатынастары заңнамасы бұзылып, 19 санат бойынша тізімделгендік тен бүгінгі күні біраз түсініспеушілік орын алғанын атап өтті.

– Баспана тек заң талаптарына сай ғана беріледі. Заңды белшесінен баса алмаймыз. Заң талабына сай тұрғын үй кезегін 6 санат қа біріктіргеннен кейін кезек шамамен 3 есе артқа жылжыды. Сол себепті сіздің кезек те өзгерді. Бұл кемшілікпен жұмыс істеп, бір ізге түсірдік. Қазір электронды кезек ар қылы бәрі ашық әрі қолжетімді жүргізілуде. Біз халықты баспанамен қамтамасыз ету бойынша өте қарқынды жұмыс істеп келеміз. Енді сіз ипотекаға пәтер алмай, келер жылы өз баспанаңызға қол жеткізесіз. Біз сіздің отбасыңызға көмек беру үшін барлық мүмкіндікті қарастырамыз. Өз қаражатына тұрғын үй салып беретін меценаттардың қолдауымен мәселеңіз көпке ұзамай шешіліп қалуы да мүмкін, – деген облыс әкімі жауапты сала мамандарына барлық мүмкіндікті қарас тыруды тапсырды.

Жер мәселесін көтерген кербұлақтық тұр ғын Гүлмира Жанатаева маусым айында өткен ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған конкурстың қорытындысына көңілі толмайтынын айтып, көмек сұрап келген. Мәселенің мәнісін толық тыңдаған облыс басшысы конкурсқа қатысты нақты шешімді сот шешетінін айтты. Көмек сұрап келген 7 баланың анасына заң тұрғысынан құқықтық көмек көрсетуді мамандарға тапсырды.

Сарқан ауданы Лепсі ауылында Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалын ашу ту ралы мәселені Арынғазы Сыздықов көтерді. «Құжат жасау үшін ауыл тұрғындары 300 шақырым жердегі аудан орталығына барады. Бұл ауылдастардың қалтасына да салмақ са лады. Осы мәселенің мәнісін шешіп берсеңіз», – деген өтінішін жеткізді. Көтерілген мәселе бойынша аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев та Лепсі ауылына жақын орналасқан ауылдар мен разъездердің тұрғындарына қиындық тудырып отырғанын растады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы директоры ның міндетін атқарушы Әсем Тұқатова қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі eGov порталы арқылы электронды форматта көрсетілетінін айтты. Меморандум арқылы «Қазпочта» АҚ қызметкеріне ХҚО маманының функцияларын беру мүмкіндігін қарастыруға болатынын жеткізді. Бірақ бәрібір Сарқандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына күнде баратын курьер керек болады. Аудан әкімі курьерді көлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге уәде берді.

Талдықорған тұрғыны Қайырғали Кәрібаев тұрғын үйді жалдау шарты бойынша ай сайын ғы төлем 2019 жылы 8 мың теңге, ал қазір 20 мың теңгеге көтерілгенін айтып, өзінің келіс пеушілігін білдірді. Сонымен қатар, коттеджді қалашықтағы үй құрылысының тоқтап қалу себебін сұрады. Бірінші мәселеге жауапты қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбибеков ай сайынғы төлемнің өзгеруі үйлерді қабылдау актісіндегі тапсыру мерзіміне байланысты екенін айтты. Облыс әкімі жауапты тыңдаған соң қала әкімінің орынбасарына көтерілген мәселені терең зерттеп, тұрғындарға түсін діру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қала тұрғынының екінші сұрағына жауап берген облыс басшысы құрылысы аяқталмаған 200 ден астам проблемалық коттедж үйлердің құрылысы тендер рәсімдері аяқталғаннан кейін басталатынын жеткізді.

Қоғамдық палата өкілдері Нұрлан Ай шымбаев пен Нұрдәулет Жақыпов «Жерұйық Өрлеу» коммуналдық базарының жұмысына қанағаттанбайтынын айтты. Олар саудагерлер тұратын жерді жалға алу ақысының қымбат тағанына, делдалдар мен алыпсатарлардың кесірінен азық-түлік бағасының қарыштап кеткенін, базар жұмысына тексеру жүргізу керектігін айтты. Қоғамдық палата өкілдерін коммуналдық базардың жекенің қолына өтіп кеткені де алаңдатады. Бұл мәселеге қатысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев жүйелі тексеру, қадағалау жұмыстары үздіксіз жүргізілетінін, ауылшаруашылығы өнімдерін «егістіктен сатып алушыға» қағидаты бойынша әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылып, шаруалар өз өнімдерін тұрғындарға тікелей өткізе алатыны жіті қадағалауда екенін айтты. Сонымен қатар, сыйымдылығы 6 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылғанын жеткізді. Бүгінгі таңда қоймаға картоп, пияз, сәбіз толтырылған. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтан дыруға көмектеседі. Тұрғындарға азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірнеше әлеуметтік дүкен ашылған. Жақын арада Талдықорған қаласында тағы бір әлеуметтік дүкен ашылмақ.

Қоғам белсенділері «Жеңіс», «Ардагерлер» саябағының жағдайына алаңдаулы. Облыс әкімі бұл мәселеге қатысты атқарылған істер туралы айтып, абаттандыру жұмыстарының ерекше бақылауға алынғанын, сапаға мән беріліп жүргізілетінін жеткізді.

Қоғамдық қабылдау соңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтардан түскен арыз-ша ғымдар мен ұсыныстар заң аясында шешіле тінін айтып, жауапты басшыларға тапсырма берді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай