Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕРЛЕСІМІЗ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

27 қыркүйек 2021
КҮНДЕРЕК
ЖЕРЛЕСІМІЗ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық «Үздік оқытушы» байқауы мәресіне жетті. Түркістан қаласында шымылдығын түрген шарада Алматы облысының намысын қорғаған Аслан Қалибеков жеңімпаз атанды. Жерлесімізді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшылығы арнайы қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Болат Керімбек алғашқы сөз алып, байқауда бабы мен бағы қатар шапқан жеңімпазға жүрекжарды лебізін білдірді. Өз кезегінде сөз алған облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбай:

– Ұлттың күретамыры болған тілдің құндылығын әспеттейтін ел көлеміндегі байқауда оза шапқанымыз қуанатын, марқаятын дүние. Сондықтан да Жетісу намысын қорғаған әріптесімді шын жүректен құттықтаймын, – дей келе «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы атқарған игілікті істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, қазақ тілінің бай тіл екенін де айрықша әспеттеді.

– Жеңіс тұғырынан көрінгеніме қуаныштымын. Осы ретте, ҚР Білім және ғылым министірлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға қатысуыма мүмкіндік берген сіздерге айтар алғысым шексіз. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жұмысының жемісі екенін де айта кеткім келеді, – деді «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалының меңгерушісі, байқау жеңімпазы Аслан Қалибеков.

Айта кетерлігі, респбликалық байқау төрт кезең бойынша өткен. Алғашқы кезеңде қатысушылар әдістемелік сұрақтарға жауап берсе, бейнеүзінді, методика, демонұсқа кезеңдерінде оқуытушының заман талабына сай оқыту нұсқасын көрсетіп, арнайы берілген тапсырмаларды орындап, білімдерін ортаға салған. Аталмыш төрт кезең бойынша 16 қатысушы арасынан оқ бойы оза шапқан жерлесіміз жеңіс туын желбіретіп, Жетісу жеріне үлкен қуанышпен оралды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03
Денсаулыққа салынған инвестиция

Денсаулыққа салынған инвестиция

Бүгін, 11:26
Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекеттік қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріледі

Бүгін, 10:56
Үмітке байланған өмір

Үмітке байланған өмір

Бүгін, 10:10

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.