Талдықорған: +27°C
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕҢІСКЕ — 75 ЖЫЛ: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ 97 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2020
КҮНДЕРЕК
ЖЕҢІСКЕ - 75 ЖЫЛ: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ 97 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

9 мамыр — мұздай құрсанып келген жауды тықсырып, қызылкөз фашизмнің тас-талқанын шығарып, айбынды Кеңес әскерінің Берлин төрінде рух жалауын желбіреткен күн. Жеңіс туы желбірегелі – 75 жыл. Осыған орай, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбай Қаңтарбаевтың шаңырағына арнайы келіп, Жеңісті жақындатқан майдангерді мерекемен құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары алдымен адамзат баласы үшін ауыр кезең болып саналар сонау шақтағы қырғынға жастығын ұрлатып, Отан үшін омырауын оққа тосқан майдангерге алғысын жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Өз кезегінде аймақ басшысының ыстық сәлемін де жеткізді.

– Сіздердің ұлы ерліктеріңіз кемел елдің келешегіне бастады. Бүгінгі жасампаз Отанның, адамзат тарихының өркендеуге бет алуы сіздердің майдан даласындағы ерліктеріңіздің жемісі деп білеміз. Жеңістің 80 жылдық мерекесіне дін-аман жетіңіз, – деген С.Тұрдалиев майдангер өңіріне мерекелік медаль тақты.

Өз кезегінде мерекемен құттықтап келушілерге алғысын жеткізген ардагер ақ батасын жаудырды. Елдің есендігін, болашақтың баяндылығын тілеп, сол бір ауыр кезеңді күллі адамзатқа тілемейтінін атап өтті.

Майдангер Сәрсенбай Қаңтарбаев 1924 жылы Көксу ауданына қарасты Балпық би кентінде дүниеге келген. 1942 жылы небәрі он сегіз жасында әскерге шақыртылып, сол жылы Аягөздегі кіші командирлер дайындайтын жартыжылдық курстан өтіп, сержант шенін алып, командир болады. 1943 жылы Түркіменстанның Мары қаласындағы пулеметшілер училещесінің офицерлер даярлайтын бір жылдық курсына оқуға жіберіледі. Курста оқуып жүріп старшина шенін алған ол ұрысқа сұранғанымен дер шағында нәтиже бермейді. Өйткені, 15 старшинаны ешқайда жібермей, арнайы іріктеп, соғысқа әзірлеген-ді. Рота командирінің бұйрығымен Сәрсенбай Қаңтарбаев автоматшылар бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. Өзіне берілген 37 жауынгерді үш ай бойы түрлі әскери жаттығуларға дайындап, сынақтан соң соғыс даласына аттанады. Отан қорғау жолында А.Матросовтың ерлігін қайталаймыз деп майданның алғы шебіне аттанғандардың бірі де осы командир Серсенбай еді. Шығыс Пруссияның Шяуляй қаласын, Литва, Латвия, Польша жерлерін жаудан азат еткен майдангер 9-шы гвардия дивизиясы құрамында 3-Беларуссия майданында болған.

Бүгінгі таңда сұрапыл жылдарды еске алып отырған батыр ата сол кездегі дивизияның қолбасшысы Бауыржан Момышұлы болып еді деп еске алып отырады.

Омырауында І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен көптеген медаль жарқыраған майдангер Сәрсенбай Қаңтарбаев бейбіт заманда да Отанның гүлденуі жолында күш-жігерін сарп еткен. Күні кеше ғана бақиға бет түзеген, өзімен 70 жыл отасқан аяулы жары Бәтиха Нүсіпбайқызы екеуі тоғыз бала тәрбиеледі. Бүгінде 97 жасты еңсерген майдангер балаларынан 25 немере, 45 шөбере сүйіп отырған абыз ақсақал.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

31.05.2026
Тіршіліктің тынысын таныған

Тіршіліктің тынысын таныған

31.05.2026
Маусымнан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер

Маусымнан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер

31.05.2026
Бабалардан жеткен бұйым

Бизнеске бет бұрған буын

31.05.2026
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке дайындықты бастады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке дайындықты бастады

31.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.