Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысының мәселесі шешілді

04.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысының мәселесі шешілді

Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы мәселесі шешілді. Осы мәселені реттеу үшін жалпы су пайдалану қағидалары бекітілді, онда тиісті түсініктемелер беріліп, су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтамағандарға жауапкершілік белгіленетіні атап көрсетілген. Көліктік бақылау инспекторларының саны және тиісінше шағын көлемді су құралдарының қатары да артпақ. Сонымен қатар жазғы шомылу маусымы барысында көл жағалауының санитарлық жағдайына ерекше назар аударылатын болады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдегі туризм саласын дамытудың осы және басқа да өзекті мәселелері облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды. Жиынға бірқатар басқармалардың, полиция, төтенше жағдай департаменттерінің басшылары, аудан-қала әкімдері онлайн байланысқа қосылды. Атап айтқанда, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі туристік шомылу маусымына дайындық, демалушылардың қауіпсіздігін, туризм объектілеріне көлікпен барудың қолжетімділігін және бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

Ә. Қанағатовтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде қабылданған шаралардың арқасында Жетісу облысына 2 млн. турист келген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11,1%-ға артық. Бұл ретте шетелдік туристер саны 63,6%-ға өсті.

— Туризм саласын дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Жетісу облысының экономикасы үшін маңызды саналатын саланы дамыту 5 басты бағытқа негізделген. Олар — Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтынемел», «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи парктері, Жетісу Алатауының тау жоталары. Қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристер үшін қолайлы жағдай жасау үшін жол және инженерлік инфрақұрылым салу бағытында бірқатар шаралар қабылданып жатыр, — деген облыс әкімінің орынбасары өңірде туризм объектілеріне көлікпен жету мүмкіндіктерін дамыту жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласынан Алакөл жағалауына дейінгі жолды және «Үшарал – Достық» жолын қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылды. Алакөл бағытына Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Қызылорда қалаларынан 12 пойыз қатынайды. Лепсі-Балқаш автомобиль жолының жөндеу жұмыстары және басқа да бірқатар инфрақұрылымдық жобалар аяқталды. Ш. Уәлиханов мұражай кешеніне реконструкция жүргізіліп, объектіге дейінгі жол жөнделді. Сондай-ақ ұзындығы 20 км «Тополевка – Жалаңаш кордоны» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар республикалық бюджеттен Жетісу өлкесінің тағы бір інжу-маржаны – Бұрқанбұлақ сарқырамасына дейін жол салуға қаражат бөлінді.

Өңірде туризмді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндаған облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Ысқақов 2024 жылы Жетісу облысында демалыс орындарындағы төсек-орын саны 21,9 мыңды құрағанын, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 35,1%-ға өскенін айтты. Ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 60,8%-ға, ал бюджетке салық түсімдері 58,7%-ға өсті. Бұл ретте Алакөл ауданында орналастыру орындарының саны 270-ке жетті.

Өз кезегінде Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов туристік маусым басталғанға дейін көл жағалауының қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайына ерекше назар аударылғанын хабарлады. Осы мақсатта қосымша 90 қоқыс жәшігі орнатылады, сөйтіп олардың саны 220-ға жетеді. Техника қажеттілігі мәселесі де шешілді, ал қоқысты шығарумен жергілікті компания айналысады. Санитарлық-гигиеналық тораптардың саны да артып, 53 бірлікке жетпек.

Сонымен қатар электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа «Ақши» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде, Бескөлден Ақшиге дейін жоғары вольтты электр беру желілерінің құрылысы 80%-ға аяқталды. Бұдан бөлек, келесі жылға ауыспалы нысан – Ақшидегі кәріз-тазарту құрылыстарын салу жұмыстары басталды. Жағалауды нығайту, сондай-ақ жағалаудағы ұялы байланыс пен Интернетті үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

А. Қанағатов өз кезегінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы мәселесін реттеу үшін облыстық мәслихаттың сессиясында жалпы су пайдалану ережесі бекітілгенін, онда тиісті түсініктемелер беріліп, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамағандарға жауапкершілік белгіленгенін айтты. Сонымен қатар шомылу маусымына қарай көліктік бақылау инспекторларының саны және шағын көлемді су құралдарының қатары  ұлғайтылады.

Балқаш көлінің жағалауындағы туризмді дамыту туралы айтсақ, қазіргі кезде «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желісін салу жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ маусым айының соңына дейін көлдің жағалау аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы дайын болады деп күтілуде.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша облыстық полиция департаменті мен ТЖД өкілдері баяндады. Курорттық аймақтарда, туристер көп жиналатын орындарда медициналық қызмет көрсету мәселесі ерекше бақылауда.

Бұл ретте Панфилов ауданы, оның ішінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – өңірдегі тағы бір маңызды туристік бағыт. Жазғы демалыстың басталуына орай орталыққа келушілер саны еселеп артып, оларға сапалы қызмет көрсету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Кездесу соңында жауапты тұлғаларға туризм объектілерінің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың мерзімдерін сақтау мен сапасына ерекше назар аударуға, сондай-ақ туристік объектілердің туристерді қабылдауға, жалпы шомылу маусымын өткізуге дайындығына қатысты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар өңірдің туристік саласына инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлу қажет.

Атап өтсек, жалпы қаңтар-сәуір айларында облыс экономикасына 1,6 есе өсіммен 97 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған, оның ішінде жеке инвестициялар – 73,6 млрд.теңге.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.