Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында полиция есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейтті

8 қазан 2025
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Жетісу облысында полиция есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында полиция есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруды жалғастырып, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мен азаматтардың денсаулығын қорғауға айрықша көңіл бөлуде.

Осы жылдың тоғыз айында өңір полицейлері есірткі айналымына байланысты 143 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 69 қылмыс және 74 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 534 келіден астам әртүрлі түрдегі есірткі заттары, соның ішінде марихуана, гашиш, синтетикалық заттар және кендір тектес өсімдіктер тәркіленді.

Жыл басынан бері есірткі қылмыстарына қатысы бар 104 адам ұсталды, олардың ішінде 10 «қоймашы», соның ішінде 3 кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Сонымен қатар, «ішкі бақыланатын жеткізу» әдісімен үш арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде 36 келі есірткі заты тәркіленді.

Дәрілік құралдардың айналымын бақылауға да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Республикалық «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 55 нысан тексеріліп, күші жоғары және психотроптық әсері бар 9 мыңнан астам дәрілік препарат пен шамамен 1,5 тонна прекурсорлар тәркіленді.

«Қарасора» операциясы барысында 87 құқық бұзушылық анықталып, өсімдік тектес 470 келіден астам есірткі заты алынды. Жеке бағыт ретінде интернеттегі есірткі жарнамасына қарсы іс-қимыл да күшейтілді.

Есептік кезеңде анықталған фактілер саны екі есеге артты. Нәтижесінде 9 сотқа дейінгі тергеу басталып, 2361 интернет-ресурс бұғатталды.

«Антифрод-орталығымен» бірлесіп, заңсыз операциялар жүргізілген 637 банк шоты бұғатталып, жалпы сомасы 23 миллион теңгеден астам қаржының жолы кесілді.

Өңір полицейлері есірткі қылмыстарын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Басты мақсат – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлт денсаулығын қорғау, себебі есірткі айналымына қарсы күрес – бұл заң талабы ғана емес, елдің болашағына деген қамқорлық.

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.