Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында прокурорлар түрмеден мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үй берді

23 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында прокурорлар түрмеден мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үй берді

shutterstock

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Қаратал ауданында қоғамға қайта бейімделудің жарқын үлгісі көрсетілді. Мұнда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үш бөлмелі үй берілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Түрмеден босап шыққан соң аяққа тұрып, қоғамнан өз орнын табу оңай емес. Әсіресе, артында алты баласы бар ана үшін бұл үлкен сынақ. Қаратал аудандық прокуратурасы бұл мәселеге бейжай қарамай, қайырымдылық қорларымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, отбасына көмек қолын созды. Нәтижесінде, көпбалалы анаға барлық жағдайы жасалған кең үй табысталды.

«Отбасының тұрақты баспанамен қамтамасыз етілуі балалардың құқығын қорғауға және ананың қоғамға қайта бейімделуіне негіз болды», – деп атап өтті прокуратура өкілдері. Бұл тек баспана беру ғана емес, сонымен қатар заңдылықты қамтамасыз ету мен қылмыстың алдын алудың тиімді тәсілі екені анық.

Тек үй беріп қана қоймай, отбасының тұрақты табыс көзін қалыптастыру үшін де нақты қадамдар жасалды. Прокуратураның ықпалымен әйелге 1,5 млн теңгеден астам қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Бұл қаражатқа ол өзінің жеке дәнекерлеу шеберханасын ашты.

Бүгінде көпбалалы ана өз ісін дөңгелетіп, балаларын асырауға мүмкіндік алып отыр. Кәсіп ашу – оның қоғамға заңды түрде бейімделуіне және қайта қылмыс жасау қаупін сейілтуге берілген үлкен мүмкіндік. Жетісу өңірінде мұндай қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.