Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Айша Қадыр

WhatsAppTelegramFacebook

Кез келген өңірдің экономикалық әлеуетін бағалаудың бір өлшемі бар. Ол салынған инвестицияның халықтың тұрмысына, еңбек нарығына және өндірістің дамуына қаншалықты әсер еткенімен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, соңғы бірнеше жылда Жетісу облысында жүзеге асқан инвестициялық жобалар өңір экономикасының жаңа кезеңге аяқ басқанын аңғартады. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде  өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ерқанат Қажымұханұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жетісу бүгінде ауыл шаруашылығымен ғана танылатын аймақ емес. Энергетика, өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісі, логистика, қайта өңдеу салалары қатар дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ресми көрсеткіштен де анық байқалады. Ол жөнінде Ерқанат Қажымұханұлы өз баяндамасында нақты сандық мәліметтермен айқындап берді.

«2022 жылдан бері облыста жалпы құны 185,6 миллиард теңгені құрайтын 160 инвестициялық жоба іске асырылып, төрт жарым мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды».

Инвестицияның басты пайдасы жаңа ғимараттардың салынуымен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы, тұрақты жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындардың табыс табуына мүмкіндік жасалады.

«Бір ғана 2025 жылдың өзінде құны 50,6 миллиард теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба іске қосылып, мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Солардың ішінде ерекше назар аудартатын жобалардың бірі MacCoffee брендімен танымал кофе мен шай өнімдерін шығаратын жаңа өндірістің іске қосылуы. Бұған дейін елімізге негізінен сырттан жеткізіліп келген өнімнің енді Қазақстанда, оның ішінде Жетісу өңірінде өндіріле бастауы импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бір қарағанда қарапайым өндіріс болып көрінгенімен, оның айналасында логистика, қаптама өндірісі, шикізат жеткізу, қызмет көрсету сияқты бірнеше сала қатар дамиды», – дейді басқарма басшысының орынбасары.

Жетісудың инвестициялық картасында тек өндіріс орындары ғана емес, энергетикалық нысандардың үлесі де айтарлықтай. Су электр станцияларының іске қосылуы мен жаңартылатын энергия көздерінің көбеюі өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, өндірістердің тұрақты жұмыс істеуіне негіз. Бұл болашақтағы жаңа кәсіпорындардың ашылуына оң ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.

Ерқанат Қажымұханұлы жасалған жұмыстармен қатар, міндеттерді де атап өтті.

«Жетісу облысында ауқымды міндет тұр. 2029 жылға дейін өңірде жалпы құны 1,5 триллион теңгені құрайтын 127 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде шамамен 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жобалардың қатарында тау-кен өндірісі, халықаралық әуежай, металлургия, арнайы экономикалық аймақтардағы өндірістер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы кәсіпорындар бар».

Инвесторларды тартуда өңірдің географиялық артықшылықтары да маңызды рөл атқаратыны мәлім. Мәселен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағы, индустриялық аймақтар және «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін өңірлік фронт-офис жаңа жобалардың кедергісіз жүзеге асуына жағдай жасап келеді.

Инвестиция туралы сөз болғанда, көбіне миллиардтар мен статистика айтылады. Алайда оның шынайы нәтижесі қарапайым тұрғынның өмірінен көрінуі тиіс. Жаңа жұмыс орны, тұрақты жалақы, өндірістің көбеюі, өңірде қалатын жастар санының артуы, кәсіпкерліктің дамуы. Егер инвестиция дәл осындай нақты өзгерістерге алып келсе, онда оның әлеуметтік маңызы зор деген сөз.

Қатысты жаңалықтар

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сайлау белсенділігі артты

30.07.2026
Адам саудасы – ауыр қылмыс: Елімізде арнайы науқан басталды

Адам саудасы – ауыр қылмыс: Елімізде арнайы науқан басталды

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.