Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған курс ашылды

7 қазан 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісуда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған курс ашылды

kazpravda.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ерекше қажеттілігі бар балалардың заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік беретін жаңа білім беру жобасы іске қосылды. Талдықорғандағы «Future-IT» робототехника мектебінде балалар робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу және лазерлік технологиялар бойынша білім ала бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жоба облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылуда. Курсты «QRobotics foundation» қоғамдық қоры тегін ұйымдастырған.

Жоба аясында 5 пен 18 жас аралығындағы кемінде 25 баланы оқыту жоспарланған. Олардың қатарында есту, сөйлеу қабілеттері және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бар. Оқу бағдарламасының жалпы ұзақтығы – 36 сағат, ал курстар шамамен 90 күнге есептелген.

Сабақтар балалардың жасына, жеке қажеттіліктеріне және материалды меңгеру қарқынына қарай бейімделеді. Кіші топтағы балаларға 24 сабақ, ал 9–18 жас аралығындағы қатысушыларға 12 сабақ өткізіледі. Әр бала 3D-принтер арқылы кемінде үш бұйым жасап, лазерлік кесу технологиясымен тағы бір бұйым әзірлейді.

Оқу барысында балаларға жеке сүйемелдеу көрсетіліп, тапсырмалар кезең-кезеңімен түсіндіріледі. Сабақтарды робототехника, бағдарламалау және цифрлық өндіріс салаларында тәжірибесі бар төрт маман жүргізеді.

«Future-IT» мектебінің директоры Дамир Нұркежановтың айтуынша, жобаның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалардың цифрлық және инженерлік технологияларға қолжетімділігін арттырып, олардың қоғамға бейімделуіне және болашақ мамандығын таңдауға ертерек бағдар алуына жағдай жасау.

Курс соңында инклюзивті робототехника турнирін өткізу жоспарланған. Қатысушылар роботтар жарысы және уақытқа есептелетін тапсырмалар бойынша бақ сынайды. Барлық балаға сертификат, диплом және медаль табысталады.

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.