Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда мал ұрлығы азаяр емес

Былтыр өңірде мал ұрлығына қатысты жүзден астам оқиға тіркелген. Биыл да аз емес. Келтірілген шығын көлемін миллиондарды құрайды.

27.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда мал ұрлығы азаяр емес

Автордан

Ұрлықтың үлкен-кішісі жоқ

Әуелгі әңгімемізді Көксу ауданында болған оқиғадан бастасақ. Облыс орталығының іргесінде орналасқан ауданда жыл сайын мал ұрлығы тіркеліп тұрады. Жақында екі бірдей ауыр қылмыстық дерек анықталды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде ұйымдасқан түрде жасалған мал ұрлығының беті ашылып, қаскөйлер құрықталды. Мұқаншы жайылымынан ұрланған мал белгілі болды. Ұрылар кім дейсіз ғой… сол ауылдың маңайында жүрген азаматтар көрінеді.

Көксу ауданына қарасты Мұқаншы ауылдық округінің жайылымында күтпеген жағдай орын алды. Таң қылаң бере белгісіз біреулер жайылып жүрген 9 бас ірі қараны айдап әкеткен. Жәбірленуші бұл оқиғаны бірден полицияға хабарлап, материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңге болғанын мәлімдеді, — дейді Жетісу облысы ПД Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Қасқар Темірханов

Бірақ бұл ұрылардың жалғыз әрекеті емес екен. Арада бірнеше күн өткен соң, көршілес орналасқан Алғабас ауылдық округінде осыған ұқсас тағы бір мал ұрлығы тіркелді. Бұл жолы жәбірленуші 14 бас ірі қарасынан айырылып, келген шығын сомасы 7 миллион теңгеден асты. Екі қылмыстың орын алу уақыты мен тәсілі бір-бірімен ұқсас болғандықтан, тәртіп сақшылары бұл істің бір топ қаскөйлердің ұйымдасқан әрекеті екенін бірден аңғарды.

Аталған қылмыстық фактілер бойынша Көксу аудандық полиция бөлімі мен Жетісу облыстық Криминалдық полиция басқармасының мамандары жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, күдіктілердің ізіне түсті. Көп ұзамай екі азамат қолға түсті. Олардың бірі – 51 жаста, екіншісі – 37 жаста, екеуі де Көксу ауданының жергілікті тұрғындары болып шықты. Алдын ала болжам бойынша, олар мал ұрлығын бірнеше рет қайталап жасаған.

Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің қылмыстық байланыстарын анықтауға тырысты. Көп ұзамай MAN маркалы жүк көлігі тоқтатылып, оның жүк бөлімінен 14 бас ірі қара табылды.

Тексеру нәтижесінде бұл малдардың жоғалған шаруашылыққа тиесілі екені дәлелденді. Көлік жүргізушісі – Алматы облысының тұрғыны, ол ұрланған малды сатып алушы ретінде ұсталды. Бұл факт – мал ұрлығының тек орындаушылармен шектелмей, оны сатып алушылар арқылы жүзеге асырылатынын көрсетті.

“Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына байланысты 188-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Аталған бап бойынша кінәсі дәлелденген тұлғаларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған”, дейді Қ.Темірханов.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары тек ұсталған екі күдіктімен ғана шектеліп отырған жоқ. Тергеу аясында олардың өзге де мал ұрлығына қатысы бар-жоғы, сондай-ақ қылмыстық тізбектегі басқа тұлғалар анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері бұл қылмыстардың артында ұйымдасқан топ тұруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Мал ұрлығы қауіпі қашан азаяды?

Мал шаруашылығы – ауылдық жерлердегі негізгі табыс көзі. Мұндай қылмыстар тек қаржылық шығынмен ғана емес, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне деген сеніміне де сызат түсіреді. Сондықтан құқық қорғау органдары ауылдық аумақтардағы мал ұрлығы деректеріне ерекше мән беріп, мұндай қылмыстарды болдырмау бағытында алдын алу жұмыстарын күшейтуді жалғастырады.

Жетісу жұртшылығы тәртіп сақшыларының мұндай жедел әрекеттерін оң бағалап отыр. Ендігі кезекте мал иелері де сақтық шараларын күшейтіп, ауыл-аймақтарда бірлесіп, қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауы қажет.

Малы ұрланған халықтың әбігері басылар емес. Өздеріңізде білесіздер, ауыл тіршілігінің басты таянығы – төрт түлік мал. Ол – халықтың нәпақасы, күнделікті тұрмысының кепілі. Алайда соңғы жылдары бұл нәпақа көзіне қол сұғушылар – барымташылар, мал ұрылары қоғамды елең еткізген мәселеге айналып отыр. Бір қарағанда, бұрыннан бар проблема сияқты көрінуі мүмкін. Алайда құқық қорғау органдарының ресми деректері мен нақты статистикасы бұл қылмыстың әлі де өте өзекті екенін көрсетіп отыр, — дейді Балбық би ауылының тұрғыны Едіге Жанұзақов.

Былтыр Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мал ұрлығы деректеріне талдау жүргізіп, еліміздегі жағдайды жариялаған болатын. Бұл есепте мал ұрлығы ең көп тіркелген өңірлер ретінде Алматы (194 факт), Абай (126), Түркістан (114) және Жетісу (98) облыстары аталды. Бұл – тек ресми тіркелген жағдайлар. Ал бейресми, полицияға хабарланбаған деректер қаншама екенін дөп басып айту қиын. Соған қарамастан, белгілі бір оң өзгерістер де жоқ емес.

Мемлекет басшысы 2019 жылы арнайы тапсырма беріп, соның нәтижесінде Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» туралы жеке бап енгізілген еді. Сол уақыттан бері мал ұрлығына қатысты заң талаптары күшейіп, бұл әрекет үшін қатаң жаза қарастырылды. Соның нәтижесінде соңғы жылдары бұл қылмыс түрі біршама азайған. Мәселен 2022 жылы – 1800 мал ұрлығы дерегі тіркелсе, 2023 жылы – 1470 жағдай, 2024 жылдың 11 айында – 998 оқиға тіркелген.

Қараусыз жүрген мал – ұрылар үшін оңай олжа, жол үстіне шыққан мал – жүргізушілер үшін қауіп. 2023 жылғы 20 маусымда облыс мәслихаты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекітті. Осы ережелерге сәйкес, малды қараусыз қалдыруға болмайды. Мұндай жағдайда иесі Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл заң шеңберінде өткен жылы 1989 әкімшілік хаттама толтырылған, — дейді Жетісу облысының Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов

Жетісу облысында да мал ұрлығына қатысты деректер аз емес. Облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек. 2022 жылы – 209 мал ұрлығы тіркеліп, оның 137-сі ашылған; 2023 жылы – 145 жағдай орын алып, 81-і ашылды; 2024 жылы – 98 оқиға тіркеліп, 66-сында ұрылар анықталды. Биыл, яғни 2025 жылдың алғашқы төрт айында 16 мал ұрлығы дерегі тіркеліп, оның 11-і әшкереленді. Бұл — тәртіп сақшыларының жедел және жүйелі жұмысының жемісі

Мал ұрлығы деректерінің ашылуына технология мен тергеу амалдарының да ықпалы бар. Соның бір мысалы – Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылында болған жағдай. Ақпан айында ауыл тұрғыны 18 жылқысынан айырылып, алғашқы 20 күн бойы өзі іздегенімен, нәтижеге қол жеткізе алмаған. Ақыры полициядан көмек сұрап, жедел іздестіру шаралары басталды. Полиция дрон көмегімен жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды. Бұл — құқық қорғау саласына жаңа технологияның еніп жатқанының және нәтижелі жұмыс істеп жатқанының көрінісі.

Тағы бір мысал – өткен жылы Кербұлақ ауданында өрісте жүрген жылқыны атып алып кеткен қаскөйдің ұсталып, иесіне толық өтемақы төлеген жағдайы. Мал иесі Тасболат Байділдинов полиция қызметіне алғысын білдіріп, ұрыларға тосқауыл қою жолындағы жұмыстардың нәтижелі жүріп жатқанын атап өткен болатын. Мал ұрлығы — тек бір адамның емес, бүкіл ауылдың, тіпті мемлекеттің тыныштығына сызат түсіретін әрекет. Бұл – адал еңбекпен тіршілік етіп отырған ауыл тұрғындарының нәпақасына қол сұғу ғана емес, қоғамның моральдық діңгегіне де соққы. Сондықтан бұл қылмыспен күрес – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Тұрғындар да қараусыз малды бақылуға, күдікті жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға бейілді болуы тиіс. Өйткені бірлік пен қырағылық – қауіпсіздік кепілі.

Барымта – бабадан қалған салт емес

Бүгінде ауыл тұрғындарының алаңын туғызатын ең үлкен мәселелердің бірі – мал ұрлығы. Қарапайым шаруаның маңдай терімен жиған төрт түлігін бір түнде қорасынан жетектеп әкетіп, ізін суытатын ұрылардың әрекеті ел ішіндегі тыныштықты бұзып, халықтың жүйкесін жұқартты. Қыс таяғанда, соғым маусымы жақындағанда, мұндай деректер тіпті жиілей түседі.

Қазірдің өзінде Жетісу облысында 80-ге жуық мал ұрлығы тіркеліп үлгерген. Бір кездері ауылда үйдің есігіне құлып салынбайтын. Ата-аналар малды қораға қамамай-ақ, есік алдына байлап жүре беретін. Ол кезде ұрлық – масқара, ұры – қарабет саналатын. Ала жіп аттамау – бала кезден бойға сіңірілетін қағида болатын. Бірақ уақыт басқа, заман өзгерді. Қазір малды чиптеп, қораны бақылау камерасымен күзететін жағдайға жеттік. Қайран қазағымның кең пейілін суқаны сүймес сұғанақтар пайдаланып, өрістегі малды былай қойғанда, арқандаулы тұрған түлікті де сүйреп әкететін күйге жеттік.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде мал ұрлығы бойынша 12 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тұр. Полиция майоры, криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мәди Бағдаттың айтуынша, жыл басынан бері ұрланған 259 бас малдың 153-і иесіне қайтарылған. Ал жалпы келтірілген 88,6 миллион теңге шығынның 22,6 миллионы өтеліпті.

Сонымен қатар, 19 мал ұрлығы дерегі ашылып, бұрын жасалған 17 қылмыс бойынша күдіктілер ұсталған. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілгенімен, әлі де 22 іс бойынша күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Бүгінгі күрделі мәселенің бір ұшы — ұрылармен жәбірленушінің татуласу үрдісі. Ресми деректер бойынша, тіркелген 80 істің 21-інде жәбірленуші ұрланған малын қайтарып алғаннан кейін күдіктілермен татуласып, қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл, бір жағынан, адамгершілік пен кешірімге толы шешім көрінгенімен, екінші жағынан, ұрылар үшін жазасыз қалудың жолын ашып отыр. Заңнан емес, адамның кешірімінен «құтылып» шыққан барымташылар қайтып оралмасына кім кепіл?

Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алудың бір жолы ретінде GPS-трекерлер орнатуды ұсынады. Бұл – әсіресе үйірлі жылқы, жайылымдағы ірі қара ұстайтындар үшін тиімді шешім. Бүгінде мұндай құрылғылар кең тарала бастаса да, ауыл тұрғындарының басым бөлігі бұған қол жеткізе алмай отыр – себебі бағасы қымбат, техникалық мүмкіндіктер шектеулі.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары облыс аумағындағы елді мекендерді аралап, рейдтік шаралар, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізуде. Бірақ бұл қылмыстың тамырын түбірімен жою үшін тек полиция әрекеті жеткіліксіз. Қоғам болып жұмылмай, ауылдас болып сақ болмай, «біреудің мүлкіне қол сұғу – ауыр күнә» деген түсінік қайта жаңғырмай, барымта тоқтамақ емес.

Мал ұрлығы – тек жеке меншікке қарсы жасалған қылмыс емес. Бұл – ауыл тіршілігінің тұтастығына, қоғамның тыныштығына, халықтың берекесіне төнген қатер. Барымта – бабадан қалған дәстүр емес, бүгінгі күннің жосықсыз, жауапсыз әрекеті. Сондықтан бұл қылмыспен күресу – тек полицияның емес, бүкіл қоғамның парызы. Әрбір азамат өз малын бақса, көршісінің мүлкіне жанашырлықпен қараса, ұрлықты көрсе – көз жұма қарамай, дереу хабар берсе – ауыл аман, береке түгел болары анық.

Дереккөз: baq.kz

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.