Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда өрттен тұтас бір отбасын құтқарған жедел жәрдем бригадасы марапатталды

24.07.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда өрттен тұтас бір отбасын құтқарған жедел жәрдем бригадасы марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған медицина мамандарын қабылдап, облыс әкімінің атынан марапат тапсырды. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов пен облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры Савелий Пак қатысты.

Облыс әкімдігіне арнайы қабылдауға Ескелді ауданының №6/6 жедел жәрдем бригадасының құрамында жұмыс істейтін фельдшерлер Ғабит Ерғаж пен Дамира Рахимова, жүргізуші Мұрат Сатеков келді.

– Жеті адамды өрт шыққан үйден алып шыққан батылдықтарыңыз қандай құрметке де лайық. Сіздер жедел әрекет ету арқылы үлкен апатты жағдайдың алдын алып, тұтас бір отбасының өмірін сақтап қалдыңыздар. Бұл ерлікке тең іс деп білеміз. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев сіздерге өзінің алғысын жеткізіп, марапаттауды маған тапсырған болатын. Бүгін сол аманатты өздеріңізге жеткізіп отырмын. Сіздерді мақтан тұтамыз, –деген Марлен Көлбаев жедел жәрдем қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хатын және бағалы сыйлықтар табыстады, сол сияқты Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы тарапынан сыйақы беру мәселесі шешілгенін де  жеткізді.

Фельдшер Ғабит Ерғаж оқиғаның қалай болғанын қысқаша баяндап, бұл істі ерлік емес, адамгершілік міндет деп қабылдағандарын айтты:

– Шақыртумен Жетісу ауылына барып, енді жұмысқа қайту үшін Қарабұлаққа қарай бұрылмақшы едік, жолдың Текеліге баратын оң жақ бағытында түтін шығып жатқандай болды. Оны алдымен көлік жүргізушісі байқады. Сосын бұрылып, көрейік дедік. Себебі сол жерде оқшау бір үй бар екенін бұрыннан білетінбіз, өйткені сол үйдегі үлкен қарт кісінің созылмалы ауру бар еді де, шақыртумен жиі баратынбыз. Расында сол үйден өрт шығып жатыр екен. Ұйықтап жатқан үй иелерін оятып, құжаттарын жылдам жинастырып, 7 адамды түгендеп үйден алып шықтық, – дейді фельдшер.

Ғабит Ерғаждың Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жүргеніне 8 жыл толыпты. Ал Дамира Рахимованың Талдықорған медициналық колледжін бітіріп, «Жастар практикасы» бағдарламасымен Жедел жәрдем станциясына тәжірибеден өтіп жүргеніне небары үш күн болған. Ол: «Жанымда осындай тәжірибелі, өз ісінің шебері, батыл азаматтардың болғанына қуандым. Олардан үйренерім көп. Бұл оқиға маған үлкен өмірлік тәжірибе болды», — дейді. Ал Мұрат Сатековтың Жедел жәрдем көлігін жүргізудегі жұмыс өтілі – 16 жыл.

Кездесуге қатысқан Жетісу облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясының директоры Савелий Пактың айтуынша, Жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері алғашқы медициналық көмек көрсету, санитарлық автокөлік ішіндегі құрылғыларды қосу, жұмыс істету сияқты шараларды меңгеріп, арнайы сертификат алған. Сондықтан жүргізушілер де толыққанды алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Жалпы станциядағы Симуляциялық орталықтың жұмысы медицина мамандарының біліктілігін арттыруға көп көмек жасап отыр.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Жедел жәрдем бригадасына тағы бір мәрте алғысын білдіріп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.