Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда полиция туристер мен жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін еске салды

18 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Жетісуда полиция туристер мен жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін еске салды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда полиция туристер мен жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қытаймен шекаралас Жетісу облысында полиция қызметкерлері заңды тәртіпті қамтамасыз етуге және жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Барлық іс-шаралар “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды басты қағида етіп алған “Заң және тәртіп” тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде.

Облысқа келетін шетелдік туристерге жол қозғалысы ережелері мен жолдағы мінез-құлық тәртібі түсіндіріліп, ыңғайлы тілдерде әзірленген жадынамалар табысталуда.

Жүргізушілер мен жүк тасымалдаушыларға арналған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жадынамалар, соның ішінде қытай тілінде де дайындалған.

Сапар алдында: көліктің техникалық жай-күйін тексеру, алғашқы медициналық көмек қобдишасын, өрт сөндіргішті және апаттық тоқтау белгісін дайындау, алдын ала медициналық тексеруден өту, жол жағдайы мен ауа райын ескере отырып, бағытты жоспарлау ұсынылады.

Қозғалыс барысында: белгіленген жылдамдықты сақтау, арақашықтық пен бүйірлік интервалды ұстану, қауіпсіздік белдігін тағу, кенет манёвр жасамау, шаршаған, мас немесе есірткілік әсердегі күйде көлік жүргізбеу – қатаң тыйым салынған.

Түнгі уақытта, жаңбыр, қар немесе көктайғақ кезінде жылдамдықты азайтып, барынша мұқият болу қажет. Өңір трассаларында жабайы жануарлардың шығу қаупі бар, бұл жүргізушілерден қосымша сақтықты талап етеді. Жүктерді тасымалдағанда олардың берік бекітілуі маңызды.

Төтенше жағдай кезінде апаттық дабыл шамын қосу, апаттық тоқтау белгісін қою, қажет болған жағдайда жолаушыларды эвакуациялау, полицияға – “102”, жедел жәрдемге – “103” нөмірлеріне хабарласу қажет.

Полицияның профилактикалық жұмыстары Жетісу жолдарында әрбір сапардың тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз болуына бағытталған. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және “Заң және тәртіп” тұжырымдамасының талаптарын орындау – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі мен адам өмірін сақтаудың басты жолы.

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.