«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданы, Жаскент ауылдық округі Н. Головацкий ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы және Панфилов ауданы Талды ауылдық округі Жерұйық ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы Панфилов ауданы, Жаркент қаласының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына өзгертілсін.
2. Панфилов ауданы, Жаскент ауылдық округі Сұптай ауылының
әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы Панфилов ауданы, Бірлік ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына өзгертілсін.
3. Панфилов ауданының Жаскент ауылдық округі таратылсын.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев
Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева





