Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 84-ке жетті

2 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 84-ке жетті
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс құрылғанға дейін Жетісу өңірінде небары тек 5 елді мекен газдандырдырылған болса, бүгінге дейін тағы 79 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сөйтіп облыста қазір 84 елді мекенге газ тартылды, соның 21-і жыл басынан бері көгілдір отынға қол жеткізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, газдандыру – Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы ерекше мән беріп отырған басым бағыттардың бірі. 2025 жылдың соңына дейін өңірде газдандыру деңгейі 71,4% болып, Панфилов ауданын қоса алғанда, Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 500 мыңнан астам халқы бар 126 елді мекен газға қол жеткізе алады.

Тұрғындардың айтуынша, көгілдір отынның келуімен бірге ауылдағы тұрмыс та жайлы бола түскен:

— Біздің ауылға газ 2023 жылдан бастап беріле бастады. Көгілдір отын жеткізіледі дегенді естігеннен кейін отбасымызға жаңа үй тұрғыздық. Енді пеш жағудың, көмір-отын тасудың қажеті болмайды. Қазір жаңа үйімізде газ да, су да бар. Мемлекет тарапынан ауылдық жерге барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады, — деді Көксу ауданы Алдабергенов ауылының тұрғыны Құдайберген Махметов.

Сонымен қатар 2024 жылдың тамыз айында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Биылғы жылдың күзінде аяқталады деп күтілуде. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының 66 елді мекені газбен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ алдағы уақытта облысты табиғи газбен қосымша қамтамасыз ету үшін «Алматы — Талдықорған» лупингісінің (екінші тармағы) құрылысын салуға қатысты дайындық жүргізілуде.

Атап өтсек, газдандыру ісі барысында 1800-дей тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылды.

Газ қостыру құнына тоқталсақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды (газ құбырының ұзындығы 25 метрге дейін). Сонымен бірге бір жарым жылдың ішінде 1600 газ қазандығын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді, тұрғындарға қазандықтың төлемін 10 айға дейін бөліп төлеуге жеңілдікті жағдай жасалып отыр.

Жалпы, 2028 жылға қарай Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенге толықтай газ тартылады. Соның арқасында 624 мыңнан астам тұрғын немесе өңір халқының 91%-ы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Осылайша жетісулықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған газдандыру жұмысы әкімдік тарапынан алдағы уақытта да жалғасады.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.