Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар үйлі болды

11 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар үйлі болды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан және көп балалы отбасылардан 23 шаңырақ жаңа қоныс қуанышына кенелді. Кезекте тұрғандарға облыс орталығының жаңа тұрғын үй алабында үш бөлмелі үйлердің кілті табысталды.

Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Жастар-3» шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы өткен жылдың шілде айынан бастап жүргізілген болатын. Сөйтіп кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін 56 жаңа үй салынып, сатып алынды. Бүгін кілттері табысталған 23 үйден басқа 33 үй ақпан айының соңына дейін қолданысқа беріледі. Әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Айта кетерлігі, биылғы жылдың соңына дейін осы тұрғын ауданда жеке құрылыс салушылар есебінен тағы 150-ге жуық үй пайдалануға беріледі деген жоспар бар.  

Жаңа үйге ие болғандардың бірі көп балалы ана Индира Иманболова:

— Тұрғын үйге кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрдық. Баспана жалдаудың құны да біз үшін арзанға түспейді, оған қоса жиі көшудің өз машақаты бар. Әсіресе балаларым қиналып кететін. Енді, міне, өз баспанамызға қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ, — дейді алты баланың анасы И. Иманболова.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Меруерт Әбдіқадырова да жаңа баспанаға қол жеткізді. Қоныстой иесінің анасы қуанышын жасырмай:

— Қызым он екі жарым жыл дегенде үй алып отыр. Алты баласы бар. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып жүрген. Қазір Меруерттің үйлі болғанына жақын жандары, бәріміз қуанып жатырмыз, — дейді Күпан Әбдіқадырова.

Еске салсақ, бұған дейін, яғни осы жылдың басында Талдықорғандағы 49 көп балалы отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы тұрғын үйлердің кілті табысталған болатын.  

Жалпы өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасы тұрғын үймен қамтылып, кезек 8,3%-ға төмендесе, осы жылы тағы 1483 отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді. 1041 пәтерлік 28 үйдің, 107 коттедждің құрылысы аяқталады және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 300 пәтер сатып алынады. Сөйтіп, 2023-2025 жылдары облыс орталығында 5 мыңға жуық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фото: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.