Талдықорған: +20°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда «Наурыз каникул – 2025» жобасына 12 мыңнан астам оқушы қатысты

27.03.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда «Наурыз каникул – 2025» жобасына 12 мыңнан астам оқушы қатысты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Наурыз каникул – 2025» жобасы аясында оқушылар арасында театр фестиваль-байқауы, волейбол, баскетбол, футбол сияқты танымал спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, экскурсиялар, ашық есік күні, түрлі тақырыпта челлендждер, вебинарлар, жас суретшілер басқосуы сияқты көптеген іс-шаралар өткізілуде. Оқушылардың демалысын пайдалы ұйымдастыру мақсатындағы бұл шараларға 12600-ге жуық бала қатысты.

Мәселен, жоба аясында жасөспірімдер нашақорлығының алдын алу бағытында «Театр – тәрбие бастауы»  атты облыстық фестиваль-байқауы өтті. Ұйымдастырушылар мұндай байқаулар өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытып, балаларды театр шығармашылығына баулиды, жат әрекеттерден сақтандыруға ықпал етеді деп есептейді. Байқауға әр аудан-қаладан үздік шыққан жалпы саны 10 команда қатысып, олар нашақорлық пен жастар буллингінің зияндылығын, ұстазға деген құрметті танытатын көріністер ұсынды. Үздіктерге жүлделі орындар беріліп, сондай ақ, «Үздік декорация», «Үздік жас актриса», «Үздік жас актер», «Үздік сахналық костюм», «Үздік жас режиссер» номинациялары бойынша Алғыс хаттар тапсырылды.

Жүлделі бірінші орынға ие болған Кербұлақ ауданындағы Күреңбел қазақ орта мектебінің оқушылары байқаудың пайдасы зор болғанын айтады.

— Жалпы актерлік өнерге бұрыннан қызығушылығым бар. Мүмкіндік болса, театрға келіп, спектакльдер тамашалағанды ұнатамын. Бұл байқауда біз әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа құрылған оқиға арқылы нашақорлықтың түбі жарға жығатыны жайлы қойылым ұсындық. Залда көріп отырған көрермендер өнерімізге ризашылықпен қол соқты. Бұл қойылым өзіміз сияқты жасөспірімдерге ой салды деп ойлаймын, — дейді өнерлі топ мүшесі, 10 сынып оқушысы Әділ Әділхан.

Бұдан бөлек, каникул кезінде «Әжемнің әдемі әңгімесі», «Еңбек бәрін жеңбек» челлендждері өтті. Челлендж барысында оқушылар қазақ халқының бай мәдениетімен, көне әдет-ғұрпымен танысты, отбасы мүшелерінің бірлескен еңбегінің жемісін көрсетіп, ынтымағын танытты.  

— Мен еңбек челленджіне ата-анаммен бірге қатыстым. Әке-шешеммен бірге бақшада жұмыс істедік, үйді тазаладық, дәмді тамақты да бірлесіп пісірдік. Бір-бірімізге көмектескеніміз, бір-бірімізді қолдағанымыз бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Енді мен отбасыма күнделікті көмектесуге тырысамын, — дейді Талдықорған қаласындағы Н.Островский атындағы № 8 орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы Аруна Мұқамия.

Ал «Таланттар шеруі» вебинарында қосымша білім беру мекемелерінің 150 тәрбиеленушісі өздері жасаған қолөнер бұйымдарын, шығармашылық жобаларын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Ертең өтетін жас суретшілерге арналған «Ашық ауадағы сурет» пленэрінде де осындай мүмкіндіктер жасалатын болады. Сонымен қатар облыс аумағында орналасқан музейлерге, Көркем сурет галереясына мыңға жуық бала экскурсия жасауда.

Каникул кезеңінде спорттық шаралар да кеңінен ұйымдастырылды. Волейбол, баскетбол, футболдан өткен спорттық іріктеу жарыстарына қатысқан 1883 оқушының ішінен оза шыққандары бүгін жарыстың облыстық кезеңінде бақ сынасуда. Жалпы жарыс барысында оқушыларға 390 доп үлестірілді.

— Балалардың демалысын пайдалы ұйымдастыру арқылы олардың жеке тұлға ретінде рухани және физикалық жағынан дамуына, жат қылықтардан аулақ болып, жақсы істерге ұмтылуына ықпал етсек деген мақсатымыз болды. Осыған орай «Наурыз каникул – 2025» жобасы аясында өткен іс-шараларда отбасы құндылығы мен адал еңбектің пайдасын ұғындыру, дәстүрді таныту, дене шынықтыру мен шығармашылық өнерін шыңдау сияқты көптеген бағыттар қамтылды. Оларға оқушыларды барынша көп тартуға тырыстық, жалпы саны 12600-ге жуық бала қатысты. Жоба ұрпақ тәрбиесіндегі өзінің тиімділігін көрсетті, — дейді облыстық білім басқармасына қарасты Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Ақбаян Суниятова.

Атап өтсек, алдағы күндері төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет тақырыбында оқыту-вебинары, ашық есік күні, жас сарбаз кадет сыныбының ҰОС ардагерлері үйінің ауласын тазалау т.б. көптеген пайдалы шаралар жоспарланып отыр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.