Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы бойынша медициналық сақтандыру қоры алакөлдіктермен есептік кездесу өткізді

23 тамыз 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысы бойынша медициналық сақтандыру қоры алакөлдіктермен есептік кездесу өткізді
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы директоры Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Қор филиалының директоры бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды..

«Мәселен, ауданда 11 435 сақтандырылмаған азамат тұрады. Әринге, бұл сақтандырылмаған азаматтар да тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінде қажетті көмек алады. Бірақ МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады, оған бейінді дәрігерлердің консультациялары, түрлі талдаулар мен диагностикалық тексерулер, емдеу мекемелеріне жоспарлы жатқызу, медициналық оңалту, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдану арқылы емдеу, аурулардың алдын алу, диагностикалау кіреді», — деді Қор филиалының директоры Гүлзия Таипова.

Оның айтуынша, МӘМС жүйесі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру тапшылығын азайту және азаматтар үшін қымбат медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін енгізілді. 2023 жылы Жетісу облысының тұрғындарына медициналық көмекті қаржыландыруға 77,7 млрд. теңгеден астам, оның ішінде ТМККК бойынша 42,8 млрд. теңге, МӘМС бойынша 34,29 млрд. теңге қарастырылған.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар өзекті сұрақ қойды. Соның ішінде медициналық көмекке жүгінбесе, өз жарналарын қайтарып алуға бола ма деген сұрақ та бар.

Бұл сұраққа «МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, ортақ. Белгілі бір адамның медициналық көмекке жүгінген-жүгінбегені маңызды емес, өйткені мұнда жарналар жинақталатын жеке шоттар қарастырылмаған. Медициналық сақтандыру жүйесі әлеуметтік бағдарланған, пациентті денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемейді», — деп жауап берді филиал директоры.

Сондай-ақ Қор жұмысының басты бағыттарының бірі – халықпен кері байланыс орнату және пациенттердің құқықтарын қорғау. Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 201 шағым түскен, соның ішінде Алакөл ауданынан 7 шағым түсіпті. Шағымдар негізінен медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне, медициналық көмек көрсетуден бас тартуға және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерге қатысты болды.

Сапар барысында филиал директоры аудандық ауруханаға барды. Осы орайда аурухана директоры арнайы мамандардың (оториноларинголог, психиатр, хирург, дерматолог, онколог және т.б.) тапшылығы барын атап өтті.

Жалпы ауданда сақтандырылмаған тұрғындардың санын қысқарту жұмыстарын күшейту, тиісті контингентті жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау, халық арасында «сақтандырылған» мәртебесінің маңыздылығы туралы түсіндірмелер жүргізу аса қажет.

МӘМС мәселелері бойынша есептік кездесулер облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтитын болады. Жақын арада Ескелді және Панфилов аудандарында кездесулер өтпек.

 

«КЕАҚ

медициналық сақтандыру«

міндетті әлеуметтік қоры

Жетісу облысы бойынша филиалы

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.