Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда туристерге арналған тағы бір Vizit орталық салынады

17.01.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісуда туристерге арналған тағы бір Vizit орталық салынады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында тағы бір Vizit орталық ашу жоспарланып отыр. Бұл нысан тау туризмі мен экологиялық туризмді дамытудың мүмкіндігі мол Сарқан ауданында орналаспақ. Ол үшін Екіаша ауылдық округіне қарасты Тополевка ауылындағы ескі екі мектеп ғимараты қайта жаңғыртылады немесе сол орынға салынады. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Сарқан ауданына барған жұмыс сапары барысында Vizit орталықтың болашақтағы орнын көріп, жұмыстың алдағы жоспарымен танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Туристік орталық үшін Тополевка ауылының таңдалып отырғаны бекер емес. Бұл елді мекен — шекаралық аймақта орналасқан тау туризмі саласындағы әлеуеті жоғары аймақ. Осы өңірде «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркі орналасқан. Парк аумағындағы Жоңғар Алатауының баурайы алма мен қызғалдақтың тарихи отаны екені ғылыми тұрғыдан дәлелденгені белгілі. Бұл парк Қазақстандағы ұлттық табиғи парктер арасында көлемі жағынан екінші орын алады. Осған келушілер қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен,  2022 жылы шамамен 2700 адам барса, өткен жылы олардың саны 3300-гежеткен. Бұл жерде 14 мыңнан астам гектар аумақты алып жатқан Сиверс алма бағы да өркен жайған. 2017 жылдан бастап Тополевка ауылында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі тұрақты өткізіліп келеді. Өткен жылы бұл іс-шараға шамамен 2 мыңдай адам барыпты. Жалпы бұл фестиваль маңызы жағынан Жапониядағы Сакураның гүлдеуі кезеңінен бірде бір кем емес.

Сол сияқты Тополевка ауылынан 40 шақырым жерде тау ортасында Жетісудың маржаны Жасыл көл орналасқан. Бұл ретте теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте орналасқан Жасыл көлдің туристік әлеуетін тиімді пайдалану – күн тәртібіндегі мәселе. Осыған байланысты Ә. Қанағатовтың жұмыс сапары барысында айтылғандай, жергілікті әкімдік оның инфрақұрылымын дамытып, демалушылардың келуіне қолайлы жағдай жасау жұмыстарын атқаратын болады.

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың айтуынша, Vizit орталық үшін Тополевка ауылындағы ескі мектептер ғимаратының орны белгіленген. Vizit орталық Vizit Zhetysu орталығымен тікелей жұмыс жасап, еліміздің азаматтарынан бөлек шетел туристеріне де қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Орталық бір уақытта 30 демалушыны қабылдай алатын орын болмақ. Оның ғимаратында жиын өткізу залы, ресепшн, кафе, т.б. қажетті орындар қарастырылған. 1962 жылы салынған, қайта жаңғыртуға жататын ескі мектеп ғимараттарының жалпы алаңы 659 шаршы метрді құрайды, ал нысандар орналасқан аумақ шамамен 1,4 га.

Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов ескі мектеп ғимараттарын аудан әкімдігінің теңгеріміне өткізу процестерін жылдамдатуды тапсырды. Бұл жұмыс аяқталған соң аудан әкімдігі құрылыс жұмыстарына қатысты тиісті техникалық-экономикалық негіздеме есептерін жүргізбекші. 

Еске салсақ, өткен жылы «Алтынемел» ұлттық паркі аумағында жеке инвестордың 2 млрд. теңгедей инвестиция құюының арқасында @visit.altynemel визит орталығы салынған болатын. Бұл визит-орталықтың кафесі бар, Wi-Fi-ға қосылған, мұнда арнайы кәдесыйлар да сатылады. Маңында беседкалар, жануарларды сырттай бақылауға арналған шолу мұнарасы, навигациялық панельдер мен ақпараттық қалқандар орнатылып, 10 глэмпинг салынды. Соның арқасында табиғи парк, оның флорасы мен фаунасы, геологиялық және мәдени-тарихи көрнекті орындары, жаяу жүру маршруттары және мінез-құлық пен қауіпсіздік ережелері туралы толық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар гид-экскурсоводтың қызметіне тапсырыс беруге болады, экскурсияға шығып, тіпті түнемеге қалуға да болады.

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.