Жетісу облысында әр спортқа көңіл бөлініп және әрқайсысы басшылық тарапынан қолдау таауып келеді. Бұқаралық спорттың даму қарқыны жақсы. Халық арасында да ыстық ықыласқа ие. Осыған дейін Жетісу облысында кенжелеп келген қысқы спорт түрін дамытып, тұрғындар арасында насихаттап, олардың айналысуына мүмкіндік жасау үшін түрлі іс жүзеге асып жатыр.
Жетісу облысында қысқы түрлерін дамыту мақсатында Талдықорғандағы №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қысқы спорт түрлері (керлинг, шорт-трек, шайбалы хоккей) бойынша бөлімше ашылды. Бұл – қысқы спортпен айналысуға деген мол мүмкіндік. Кейінгі үлкен жетістіктермен жеңістердің бастамашысы.
Ата-аналар мен балаларға «Жетісу» хоккей клубы мен ОРМБЖМ мектебінің жаттықтырушылары мен мамандары арнайы біліктілік сабағын көрсетті. Айта кетсек, барлық жаттығулар балалар үшін тегін өтеді.





