Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖҰМБАҚ ЖАҒДАЙДА ЖОҒАЛҒАНДАР

13.10.2024
КҮНДЕРЕК
ЖҰМБАҚ ЖАҒДАЙДА ЖОҒАЛҒАНДАР
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде, соның ішінде біздің елімізде де жыл сайын жүздеген, мыңдаған адамдар жоғалып кетіп жатады. Олардың бір бөлігі уақыт өте келе табылып, жоғалу себептері анықталып жатса, енді бір бөлігі жұмбақ жағдайда із-түзсіз ғайып болады. Кей кездері көпшіліктің көз алдарында болатын мұндай оқиғалардың себебін түсіндіру кезінде ғалымдар да тығырыққа тіреледі. Ендігі әңгіме сондай жұмбақ оқиғалар жайында.

Шұңқырға түсіп кетті ме?

Бұл XIX ғасырда көпшіліктің көз алдында болған оқиға. Теннесси штатындағы жекеменшік фермасында тіршілік кешіп жатқан Дэвид Лэнг атты американдық фермер 1880 жылдың қыркүйек айының шуақты күндерінің бірінде достары мен отбасының көз алдында ғайып болды.

Ферма маңына тоқтап, көліктерінен түсіп жатқан судья Август Пек пен оның қайнағасын көрген Дэвид Лэнг қонақтарын қарсы алуға есік алдына шықты. Ескі таныстар қалбалақтап, бір-бірімен қауышқанша асыққан.

Бір қарағанда төтенше жағдай орын ала қоятындай себеп те жоқ болатын. Күн шәйдай ашық, есік алдында балалары асыр салып ойнап жүр. Өзімен ере шыққан зайыбы да тұрған.

Осы сәтте, алаңқайдың ортасына жете бере… Дэвид Лэнг буалдыр сағымға айналып кете барады. Алғашында оны шөп басқан әлдебір шұңқырға құлап кетті ме деп қалған қонақтар мен отбасы көмекке асыққан. Алайда ол ғайып болған жер тақтайдай теп-тегіс болып шықты. Тек диаметрі 3-4 метрлік шеңбер аумағы шөбінің бірден қурап, сарғайып кеткені анықталды.

Қасірет шеккен отбасыға айналадағы фермерлер көмекке келіп, бірнеше күн бойы іздестіргенімен ешқандай нәтиже шықпады. Осылайша атпал азамат ай мен күннің аманында туғандарының көз алдында із-түзсіз жоғалып кете барды.

Лэнгтың қызы Сара  бұл жұмбақ жағдайды журналистерге 1932 жылы баяндап берді.

 

Түрмеден «қашу»…

Дәл осындай жұмбақ жағдай 10 жылдан кейін Германияда қайталаныпты. Қолының жымқырмасы бар Дидериц деген алаяқ бастығының киімдерін киіп, оның есепшотындағы ақшаны жымқыру үшін банкке барғанында жымысқы әрекеті әшкереленіп, сотталады. Пруссиядағы Вейксельмюнд түрмесінің ауласында серуендеп жүрген кезде ол өзге тұтқындар мен күзетшілердің көз алдында бейне ауаға сіңіп кеткендей буалдыр күйге еніп, жоғалып кете барады. «Жауапкершіліктен бұлайша қашып құтылуды» оның өзі қалады ма, әлде тылсым күштердің тоғысуы дәл осы сәтке сәйкес келіп қалды ма, ол арасы күні бүгінге дейін беймәлім.

Белгілісі – алаяқтықпен істі болған тұтқын ауаға сіңіп жоғалып бара жатқан сәтте оның қолындағы кісеннің салдыр етіп жерге түскені. Қалай десек те ол өзге бір әлемге, бұл жерден өзге бір дүниеге дейміз бе, қолындағы кісенімен кетпеген тәрізді.

Бөліп айта кететін жағдай – түрме ауласында кісенімен қатар киімдері де қалып қойды ма, жоқ па, ол жайында ештеңе айтылмайды…

Дидерицтің аяқ астынан бұлайша жоғалып кетуі түрмеде үлкен дүрбелең тудырды. Онымен бірге отырған, бір сапта серуендеп жүрген тұтқындардың бойларын сұмдық қорқыныш жайласа, қорқынышты олардан кем сезінбеген күзетшілер бастықтарына тұтқынның қалай «қашып кеткенін» көпке дейін түсіндіре алмай әлек болды. 

Байқап отырғандарыңыздай, мұндай жұмбақ жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен адамдар аз емес. Бұл орайда XIX ғасырда тірлік кешкен американдық жазушы Амброз Бирстың сондай тылсым оқиғалар жайындағы деректерді жинақтап, нақты құжаттармен куәландырғанын айта кеткеніміз лазым. Ендігі жерде жазушы куәландырған сондай бірнеше оқиға жайында әңгімелей кетейік.

Бәстен «жеңілмеді»

Джеймс Бёрн Уорсон атты ағылшын етікшісі де көпшіліктің алдында осылайша ғайып болыпты. 1873 жылғы 3 қыркүйек күні ол 20 мильдік арғы-бергі қашықтықты демалмастан жүгіріп өтемін деп жолдастарымен бәстеседі.

Марафондық қашықтықтан да асып түсетін мұндай рекордты тіркеп, оны жасаған адамның әлдеқандай қулыққа баруына жол бермеу үшін жолдастары күймемен ере жүрмек болады. Алайда өзіндік рекордты тіркеудің де, бәстен ұтудың да орайы келмеді. Бірнеше миль қашықтықты жүгіріп өткен Уорсон сүрініп кеткендей болып шыңғырып жібереді де… сағымға айналып кете барады.

Аспанға ұшып кеткендей…

Бирстің 16 жасар жасөспірім Чарльз Эшмор жайында жазғандары да қызықты. Жаңағыдай оқиға Иллинойс штатының Куинси қалашығының маңындағы фермада 1878 жылғы 9 қарашада орын алған.

Отағасы Кристиан Эшмор сылдырап ағып жатқан бұлақ маңында орналасқан ферманы сатып алады. Кешқұрым отбасы құрамы (Кристиан әйелімен, екі қызы мен Чарльз) толықтай жиналып, пеш түбінде отырған кезде Чарльз кешкі тамаққа қажетті су әкелмек болып сыртқа шығады. Жақын арада орала қоймаған соң оны әкесі мен әпкесі Марта іздеп шығады.

Осының алдында ғана қар жауғандықтан екеуі Чарльздың тайға таңба басқандай сайрап жатқан ізімен жүріп отырады. Ең бір таңғаларлығы – үйден 75 метрдей ұзаған соң қар үстіндегі із күрт үзіледі. Жасөспірім бейне бір аспанға ұшып кеткендей, болмаса көк жүзінен келген әлдебір күш немесе құбыжық көтеріп әкеткендей ізім-қайым жоғалған.

Кристиан Эшмор ұлының ізін баспастан бұлақ маңын түгел қарап шыққанымен көзіне ештеңе шалынбады. Жауғанына көп бола қоймаған ақша қардың бетіне басқа ешқандай із түспеген.

Тағы бір таңғаларлық жайт – Чарльздің шешесі үш-төрт күннен кейін су алуға бұлақ басына барғанда ұлының дауысын естігенін айтады. Алайда дауыстың қай жақтан шыққанын нақты ажырата алмаған көрінеді. Онсыз да бірнеше күн бойы ұлын жоғалтып есі кетіп әбігер болған ана дәл сол сәтте қандай күй кешті десеңізші?!

Бұдан кейінгі жерде жақын маңда тұратын ересектер айналаны тағы бір сүзіп шығады. Әйтсе де жасөспірім шын мәнінде аспанға ұшып кеткендей немесе жер жұтып қойғандай із-түзсіз жоғалады. Бұл жұмбақтың да сыры сол ашылмаған күйінде қалады.

Осы жерде халқымыздың ымырт үйірілген кезде су басына баруға болмайды деген тыйымы ойға оралмай қоймайды. Қариялардың ондай тыйым көп ретте қыз балаларға, әйелдерге қарата айтылғанымен аса үлкен қажеттілік болмаса ер адамдардың да түн мезгілінде су басына бармағандығы жөн дегенді ескертіп отыратыны бекер емес тәрізді. Соған қарағанда: «Бұлақ басында, көл жағасында қас қарайған шақта, түн мезгілінде перінің қыздары жүреді, солар су жағасына барғандардың басын айналдырып алады, су түбіне алып кетеді…» деген алыпқашпа әңгімелердің негізі бар ма деп ойлайсың.

Жаңағыдай жұмбақ жайттарды жинақтаған жазушы Амброз Бирстың өзінің де жұмбақ жағдайда ұшты-күйлі жоқ болып кеткенін айта кетейік. Адамдар ізім-қайым жоғалып кетіп жатқан кезекті бір тылсымы көп өңірді зерттеуге Мексикаға барған қаламгердің өзі де табылмай кетіп, зерттеп жүрген кейіпкерлерінің ізін құшады. Оған жазушының әлдебір құпияны ашып, тылсым сырына тереңірек бойлап қойғаны әсер етті ме, әлде өзі де сол жердің аномалиясының кездейсоқ құрбаны болып кетті ме, оны бүгінде ешкім айта алмайды. Қайткен күннің өзінде оның да әлдебір құпияны өзімен бірге ана дүниеге, кім біледі, мүмкін мүлдем басқа бір әлемге ала кеткені сөзсіз.

Тұтас ауыл жоғалды

Жоғарыда сөз болғандардың барлығы ұшты-күйлі жоғалып кеткен жекелеген адамдарға қатысты. Ал енді жүздеген адамдардың, әйтпесе тұтас бір елді мекен тұрғындарының бір-ақ сәтте көзден ғайып болғаны жайында естігендеріңіз бар ма? «Естімеген ел де көп…» дегендей, әлемде адамның төбе шашын тік тұрғызатын ондай оқиғалар да болып тұрады екен.

Сондай сұмдық оқиғаның бірі 1930 жылдың қараша айында Солтүстік Канадада болыпты. Бағалы аң терісін дайындаумен айналысатын аңшы Джо Лабелль тұтас бір елді мекенде тұратын эскимостардың жоқ болып кеткенін хабарлайды.

Ангикуни көлінің жағалауында орналасқан бұл мекен тұрғындарымен Лабелль бұрыннан таныс болатын. Өзінің аңшылық кәсібіне байланысты бірқатарымен әңгіме жарастырып, аралас-құралас жүретін.

Сол таныстарына тағы бір жолы соққанында оны өлі тыныштық қана қарсы алады. Қорқынышты фильмдерде ғана бейнеленетін мұндай сұмдыққа тап болған Лабелльдің шашы бір-ақ сәтте ағарып кеткендей еді. Бүкіл поселкеде тірі жан жоқ, бір үйлердің дастарқаны жаюлы, тағы бір үйлердің төсектері салулы, есіктері ашық күйінде қалған. Бейне бір үйлерінен жаңа ғана әлдебір жаққа шығып кеткендей, келесі бір сәтте қайта оралатындай әсер қалдырады. Бірақ жақын маңда тіршіліктің ешқандай белгілері білінбейді.

Тағы бір сұмдығы – әдетте келгендердің алдынан абалап үріп шығатын иттердің бәрі өлі күйде.

Елді мекенде бейбіт тіршілік кешіп жатқан 60 шақты адамның – ерлер мен әйелдердің, кішкентай балалардың жоқ болып кеткені жайындағы қорқынышты хабар бүкіл өңірді аяқтарынан тік тұрғызады. Соған орай мұқият жүргізілген тексеру ешқандай нәтиже бермегенімен тағы бір сұмдық жайт анықталады: жақын маңдағы эскимостар зираты түгелдей ақтарылып, дүниеден өткендердің мәйіттері де ғайып болыпты.

Мұны ауыл тұрғындарының істемегені айдан анық еді – адамдарды құйындай көтеріп әкеткен ғаламат құбылыс түсініксіз себептермен өлілердің мәйіттерін – ақсөңке сүйектерді де іле кеткен.

Аңыз-ертегіге, жоқтан өзгеге сенетіндер мұны эскимостардың адамдарға жамандық жасап жүретін жын-пері тәріздес рухы Туунбактың ісімен байланыстырды. Жергілікті тұрғындар арасында елді мекен тұрғындарына қастық ойлаған біреулер оны дуаның күшімен осындай әрекетке айдап салған-мыс дегендей әңгімелер желдей жүйткіп жүрді. Қалай дегенмен де жантүршігерлік оқиғаның құпиясы ашылмай қалды.

Түйін:

Осы жерде әлдебір әуежайдан ұшып шыққаннан кейін байланыс үзіліп ұшты-күйлі жоғалып кеткен ұшақтың (кеменің) араға ондаған жылдар салып қайта оралғаны, онда да адамның төбе шашын тік тұрғызатындай көріністердің орын алғаны жайындағы аңызға бергісіз оқиғалар ойға оралмай қоймайды. Ондай оқиға шын мәнінде болды ма, әлде оны қызықты оқиғаларға құмар әріптестеріміз ойдан шығарды ма, мәселе онда емес. Мәселе шын мәнінде ғылымда «көртышқанның іні» (кротовая нора) деп аталатын, бір кеңістіктен өзге әлемнің екінші бір кеңістігіне, өзге бір уақыт өлшеміне өтіп кетуге болатын сондай бір «өткелдің» бар екеніне, бұл болжамның Эйнштейннің әйгілі Салыстырмалы теориясымен де үйлесетіндігінде болып тұр. Жаңағыдай жоқ болып кеткен адамдарды әлдебір тылсым күш көтеріп әкетті ме, жоқ әлде олар жаңағыдай өзіндік бір «өткелге» тап болып өзге әлемге өтіп кетті ме, ол жағын бүгінде ешкім де тап басып айта алмайды.

Нақ осы жерде «Даму жағынан бізден әлдеқашан озып кеткен әлдебір жоғары өркениет өкілдері Жер беті тұрғындарымен тәжірибе жасап жатыр» деген жекелеген ғалымдардың тұжырымы (болжамы) да ойға оралмай қоймайды… Кім біледі?.. Уақыт өте келе бұл ақиқат та анықталып қалар деп үміттенелік.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстанның Құрметті журналисі
Фото: 
gsritual.info 

Қатысты жаңалықтар

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10.08.2026
Жер – елдің ырысы

Жер – елдің ырысы

10.08.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

10.08.2026
Қазақстанда есту аппаратын тегін алу жеңілдеді

Қазақстанда есту аппаратын тегін алу жеңілдеді

10.08.2026
Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.