Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жұмысшы мамандарын даярлайтын орталық ашылады

1 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жұмысшы мамандарын даярлайтын орталық ашылады

Суретті түсірген Жеңіс ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Бірікке Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының басшысы, Орта Азия бойынша координаторы Серхан Актопракпен кездесті. Басқосуда әріптестік байланыс, еңбек миграциясы, сұранысы жоғары жұмысшы мамандарды даярлау мәселелері талқыланды. Кездесуде Бейбіт Өксікбайұлы қонақтарға аймақтың тыныс-тіршілігін, атқарылып жатқан игі істерді баяндап, көші-қон мәселесі, еңбек миграциясын реттеу, жұмыс күші жетіспеушілігі мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

– Жетісу – аграрлы аймақ. Облыста ауыл шаруашылығы, жаңартылған энергия көздері, өнеркәсіп салаларының әлеуеті зор болғандықтан білікті мамандар қажет. Осыған орай жоғары сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлау ісін заман талабына сай жаңғыртып, жергілікті колледждермен бірлесіп қарқынды жұмыс атқара бастадық. Біз Талдықорған қаласында жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізетін орталық салуды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Серхан Актопрак:

– Еңбек мигранты шетелде өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі керек. Біз осы мәселені мықтап қолға алып жатырмыз. Білім алуға кеткен жастарға да барынша қолдау білдіреміз. Себебі, шетелде білім алған, тәжірибесі толысқан азамат елге білікті маман болып оралып, озық технологияларды, жақсы идеяларды да өзімен бірге ала келеді, – деді.

Жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру үшін оларды жоғары оқу орындарына дейін STEM бағытында дайындайтын Хаб ашуды ұсынып, жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізудің маңызы зор екенін айтты. Осы орайда Талдықорғанда ашу жоспарланып отырған орталықты облыс әкімдігі мен Халықаралық ұйым бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Жаңа ашылатын орталық халықаралық іргелі жоба ретінде еліміздегі осы бағыттағы алғашқы пилоттық жоба болмақшы. Өзінің нәтижесін көрсеткеннен кейін бұл бастаманы басқа өңірлерге, тіпті өзге таяу шетелдерге де үлгі етіп көрсетуге болады. Кездесу соңында тараптар бастамаларды сараптамалық деңгейде талқылауға уағдаласып, бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін тілге тиек етті.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.