Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Журналистер депутаттың ұялы телефонына қоңырау шала алады»:  Түркиядағы БАҚ-тың артықшылығы

16.01.2025
КҮНДЕРЕК
"Журналистер депутаттың ұялы телефонына қоңырау шала алады":  Түркиядағы БАҚ-тың артықшылығы

Біз бұл қысқа материалымызда Түркия журналистикасының бағы мен бағыты жайлы көз көрген дүниені айтқымыз келіп отыр. Себебі, қалам ұстап, сөз бедерлеген тілші үшін иінін жарытып, тірлігін тіктеген жұмысындағы игіліктен асқан бақыт бар ма?  

Түркияға барған сапарларымызда байқайтын дүниеміз де сол – журналистерге көп жағдай жасалған. Әуелі жұрт тамсанып айтатын сары карточка жайлы аз-кем сөз шығындасақ. Аталған құжатты алу кез келгенге бұйырмайтын бақ. Себебі, бұл «документті» алған тілшінің әлеуметтік жағдайы мен  жұмысына, жүріп-тұруына көп жеңілдік жасалады.

Сондықтан да аталған елде әріптестеріміздің беделі де жоғары. Мәселен, жергілікті тұрғындар: «Елдегі журналистер мәжіліс депутаттарының  ұялы телефонына кез келген уақытта телефон соғып, сұрақ қоя алады. Билік журналистермен белгілі деңгейде санасады» дегенді айтады. Бұған таңғалмасқа лаж да жоқ.

Бұл салаға жасалып отырған жақсылық әмбебап па дейсіз. Қарапайым ғана мемлекет деңгейінде салық мәселесі де орынды шешілген. Басылым жазылымнан түскен пайданың 1 пайызын ғана салыққа төлейді. Бұл жазылуды көбейту үшін жасалған қадам деуге болады. Соның арқасында газет шығыны азайып, материалдық мүмкіндігі артып отырады.

Газетті таратумен арнайы фирмалар айналысады. Таратушы таңғы сағат үште шығып, таң боз бергенше жазылушылардың бәріне таратып шығуы тиіс.

Бұл елде халық мүддесінің, көрермен құқының ескерілетінін келесі бір жайттан да аңғаруға болады. Телеарналарда 43 минуттан кейін ғана үлкен жарнама көрсетуге рұқсат беріледі.  

Түркия журналистерінің біліктілігі жан-жақтылығымен бағаланады. Ол – журналист, ол – фотограф, ол – дизайнер, ол – оператор, ол – режиссер. Бір сөзбен айтқанда, ол – бесаспап маман дерсіз.

Ең маңыздысы, Түркия журналистері өз жерлестерінің жанайқайын билікке жеткізуге міндетті. Студенттерге газет тегін таратылады. Телерадиода негізгі бағдарламаларды баспада жұмыс жасап көрген, тәжірибелі, білікті журналистер жүргізеді. Телевизиялық хабарлар аз, тиісінше қоғамдық ортадан, көшеден алынатын сауалнамалар көп.   

Бір сөзбен айтқанда, біздің алатын тұсымыз көп секілді. Бәріне уақыт – таразы екені де рас.

Гүлжан Тұрсын,
Түркия

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.