Талдықорған: +28°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Қоғамдағы тәртіп пен тыныштықтың бастауы – отбасынан басталады. Ал ондағы түсіністік пен сыйластықтың бұзылуы, зорлық-зомбылық пен агрессияның өршуі – тек бір шаңырақтың емес, тұтас қоғамның дерті. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Қайсар Мухметовтің айтуынша, бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастарда жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу – ведомствоның басты басымдықтарының бірі.

16.10.2025
КҮНДЕРЕК
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

centralasian.org

WhatsAppTelegramFacebook

– Бұл бағытта біз тек полицияның күшімен емес, барлық жауапты мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кешенді шараларды жүзеге асырып келеміз. «Профилактика», «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс» сияқты жедел алдын алу іс-шаралары, «Әйел – отбасы шырағы», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» және «Бақытты отбасы – бақытты ел!» атты акциялар тұрақты түрде өтуде. Мақсат – құқықбұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтап, олармен жеке жұмыс жүргізу, – дейді Қайсар Жақсылықұлы.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста 1789 қорғау нұсқамасы шығарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артық. Ал нұсқаманы бұзу бойынша 120 дерек тіркеліпті. Сонымен қатар, сот шешімімен 356 құқықбұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған. Яғни осындай жұмыстар арқылы тұрмыстық жанжалдардың қайталану қаупі төмендеп, агрессорларға бақылау орнатылған. Дегенмен, Әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша 999 құқықбұзушылық анықталып, бұл көрсеткіш өскен.

Полиция полковнигінің айтуынша, бұған заңнамадағы өзгерістер себеп.

– 2024 жылдың маусым айынан бастап «ұрып-соғу» және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» баптары қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылды. Сол себепті статистикада өсім байқалғанымен бұл полиция жұмысының әлсірегенін білдірмейді. Керісінше, құқықбұзушылықтар ашық тіркеліп, есепке алынып жатыр, – деген ол бүгінде облыстағы барлық қала мен аудандарда ведомствоаралық жұмыс топтары құрылғанын, топ құрамына сот, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту органдарының мамандары, «Әкелер одағы» және «Талдықорған әйелдерді қолдау орталығы» сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіргенін жеткізді. Мұндай топтар агрессорларға психологиялық көмек көрсету, отбасына әлеуметтік қолдау ұйымдастыру, жәбірленушілер мен куәгерлерге оңалту шараларын ұсыну бағытында қызмет атқаруда.

– Біз тек құқықтық шаралармен шектеліп қалмаймыз. Себебі, әр жағдайдың артында адам тағдыры тұр. Отбасындағы жанжалдың алдын алу үшін әлеуметтік және психологиялық қолдау қажет. Агрессорды да қоғамнан шеттетпей, қайта тәрбиелеу маңызды, – дейді Қайсар Мухметов.

Қазір облыста арнайы оқыту курстарынан өткен 40 психолог маман зорлық-зомбылық құрбандарына кәсіби көмек көрсетуде. Мысалы, тек соңғы айларда 112 адам (оның ішінде 29 әйел мен 83 бала) Талдықорғандағы дағдарыс орталығына орналастырылып, заңгерлік, әлеуметтік және психологиялық кеңес алған. Ол орталық тек көмек көрсетіп қана қоймай, зорлық-зомбылықтың қайталанбауы үшін оңалту шараларын іске асырады.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес құқық бұзушылардың басым бөлігі – тұрақты жұмысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен, маскүнемдікке бейім азаматтар. Мысалы, былтыр Сарқан ауданында тіркелген бір жағдай қоғам назарын аудартты. Мас күйінде әйелін ұрып-соққан әлдебіреуге әкімшілік жаза берілген еді. Енді биыл әлгі адам өрескел әрекетін қайталап, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін полиция, әкімдік және жұмыспен қамту органдарының өзара әрекеттестігі қажет.

Отбасындағы зорлық-зомбылық – тек құқықбұзушылық емес, ол қоғамның моральдық деңгейін, рухани мәдениетін айқындайтын көрсеткіш. Әр адам өз отбасындағы тыныштық пен сыйластық үшін жауапты. Соны әркім толыққанды түсінгенде ғана бұл мәселе нәтижесін береді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026
Рухани құндылық дәріптелді

Рухани құндылық дәріптелді

04.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Тұрақты даму кепілі

04.07.2026
Домбыра – ұлы даланың жүрегі әрі үні

Домбыра – ұлы даланың жүрегі әрі үні

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.