Талдықорған: +10°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰЗЫНАҒАШ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ БІЛІМ БЕРЕДІ

16 ақпан 2022
КҮНДЕРЕК
ҰЗЫНАҒАШ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ БІЛІМ БЕРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбек нарығында сұранысқа ие маман иелерін дайындау мақсатында Ұзынағаш кәсіптік колледжінде “Жас маман” жобасы қолға алынған. Кәсіптік колледж бағдарламаның барлық талаптарына сай келгендіктен мемлекеттен 240 миллион теңге қаражат бөлінген. Ол соммаға ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.

Атап айтсақ, астық комбаины, Беларусь тракторлары, «КамАЗ» типіндегі ауылшаруашылық жүк автокөлігі, соқа, культиватор, дискілі шөп шапқыш, тыңайтқыш шашу машинасы, тұқым сепкіш, аспалы шөп тиегіш машинасы, топырақ тырмалағыш, трактор прицепі сияқты ауылшаруашылық машиналары бар. Осылардың барлығы жерді жыртудан бастап астық жинағанға дейін барлық технологиялық операцияларға қатысады.

Колледжде жалпы 501 студент дәріс алады. Соның ішінде фермер шаруашылығы бойынша 87 студент бар. Олардың 27-сі биыл бітіреді. Жалпы осы білім ордасынан шыққан түлектер халықаралық деңгейдегі жас мамандар болып шығады.

— Колледждің 5 жылдық даму стратегиясын қайта қарастырып жатырмыз. Соған байланысты осы тұрған техникаларды меңгерудеміз. Бізге жалпы аудан әкімдігі де қызығушылық танытып отыр. Біз Жамбыл ауданындағы 4000-нан аса шаруа қожалығымен тығыз жұмыс жасаймыз және кейбіреулерімен келісімшартқа отырдық. Олардың берген тапсырмаларын, жер жырту, себу, ору болсын уақытылы орындауға тырысамыз. Техниканың  барлығы жерді жыртудан бастап, астық жинағанға дейін жабдықталған және комплексті түрде жүреді, — дейді Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің директоры Болат Алтаев. Сонымен қатар, колледждің 3-курс студенті Каммаладин Ниетбаев де өз пікірін білдірді.

— Қазіргі тракторлар замануи әрі ыңғайлы болып келеді. Мәселен, ескі тракторларда кондиционер болмаған, қазіргілерде бар. Өзіме трактормен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды. Сондай-ақ, Джондир американдық астық оруға арналған техника да көңілімнен шықты, – деді ол.

Айта кету керек, студенттер 6 мамандық бойынша білім алады. Олар: тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі, ферма шаруашылығы, слесарлық іс, ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру, шаштараз өнері мен сәндік косметика.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін, 13:03
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент құттықтаулар үшін алғыс айтты

Бүгін, 12:43
Өрт қауіпсіздігін еске салды

Өрт қауіпсіздігін еске салды

Бүгін, 11:33
Әлеуметтік желіде әдеп керек

Әлеуметтік желіде әдеп керек

Бүгін, 10:00
Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.