Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

 Қуантсаң, баланы қуант

24 желтоқсан 2024
КҮЛТӨБЕ
 Қуантсаң, баланы қуант
WhatsAppTelegramFacebook

Аутист балалар  үкімет қамқорлығында. Ерекше балаларды бағып, қағып отырған аналар да әрқашан қоғамның  назарында. Бүгін Талдықорғандағы Ушинский  атындағы орта мектепте «Санасезім»  қоғамдық қоры балаларға арнап шырша мерекесін ұйымдастырды.

Шыршаны қызықтап, суретке түсіп, өздеріне жасалған мерекеге шаттанған балалардың күлкісі әлемді мейірімді жандардың пейілі жайнатып тұратынын дәлелдегендей. Ата-аналар қонақ балаларды  ертегі әлемінің кейіпкерлеріне сай киіндіріп әкеліпті. «Санасезім» қоғамдық қоры шараны барынша қызықты, тартымды, мәнді  ұйымдастырған. Балалар көңілді  әуенге елтіп, ерекше қуанып, Аяз атамен суретке түсіп шаттанды. Мектеп оқушылары ерекше балаларға концерттік бағдарлама дайындапты. Биші қыздармен қосылып қонақ балалар да  ән айтып, әсем әннің ырғағында биледі.  Шараға келген ата-аналардың да жүзі бал-бұл жанды. Олар балаларының көппен бірге қуанып, шыршаны қызықтап, қоғамның бел ортасында жүргеніне шаттанды. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп жатты. Күләш апа: «Мерекеге немеремді алып келдім. Қараңызшы, асыр салып ойнап жүр. Кейде қуанғаннан  кілемге жата қалып аунап алады. Шыршаны айналып жүгіреді. Тәтелеріне еркелеп қояды. Мен де демалып қалдым. Бақыттыгүл қызыма алғыс айтамын», – деді ол ағынан жарылып.

Шара барысында қоғамдық қор директоры Бақыттыгүл Ахметжанова балаларға сыйлық таратты. «Қуантсаң, баланы қуант»,– деген емес пе?!  Ұл-қыздар өздерінің аттары аталғанға  мәз болып, жүгіріп барып сыйлықтарын алып жатты.  

Мұндай шараны жиі өткізіп тұратын қоғамдық қор өкілдері ерекше баланы бағып отырған аналарға да көңіл бөліп, мәселелерін шешуге жәрдемдеседі. Әйелдер мерекесінде  балалардың аналарына да құрмет көрсетіп, сыйлық таратады. Керек кезде психологиялық көмек  ұсынады.

Бүгінгі шырша мерекесіне 55 ерекше бала қатысты. Олардың әрқайсысы қордың атынан тәттілер, ойыншықтар алды. Бұл күні Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің атынан ұйымдастырушыларға  әлеуметтік мәселелерге атсалысып жүргені үшін Алғыс хат табыс етілді.

Г. Мұқашқызы
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

 

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.